Өте дәмді «Ташкент» салатын білесіз бе?

0
213


Өте дәмді «Ташкент» салатын білесіз бе?

Қажетті қоспалар:

  • 200-250 гр. тауық еті
  • 1-2 дана тұрып
  • 1 дана пияз
  • 2-3 дана жұмыртқа
  • Тұздыққа майонез немесе қаймақ
  • Қуыру үшін өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, аскөк қажет.


Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен тұрыптың қабығын аршып, тазалап жуып алыңыз. Содан соң ірі үккіштен өткізесіз немесе жұқалап турайсыз. Туралған тұрыпқа су құйып, 15 минутқа қалдырыңыз. Сонда тұрыптың ащы дәмі кететін болады.

Пияздың да қабығын аршып, жұқалап турау керек. Сосын табаға май құйып, отқа қойып, пиязды қуырасыз. Дайын тауық етін ұзыншалап турап, табаққа салыңыз. Осы табаққа қуырылған пияз бен тұрыпты салу керек.

Салатқа майонез немесе қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз. Дәміне қарай тұз қосуды ұмытпаңыз. Бетіне аскөкті себелеп, қайнатылған жұмыртқамен әсемдесеңіз болғаны!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ДӘМДІ МӘЗІР: Французша картоп пісірмесін дайындап көріңіз