Тұшпараны микротолқынды пеште де пісіруге болады

0
1 686

15 минутта дайын болып, дастарханға ұсына аласыз.


Тұшпараны микротолқынды пеште де пісіруге болады


Қажетті қоспалар:

  • 10 дана дайын тұшпара немесе
  • қолдан түйілген тұшпара
  • 500 гр. су
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1-2 дана лавр жапырағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Тұшпараны қалай дайыныдасаңыз да өз еркіңіз, ең бастысы дәмді болса болғаны. Дүкеннен сатып аламын десеңіз, ол да жарайды. Ең бастысы мұздатылған тұшпараны пайдаланатын болсаңыз, оны ерітудің қажеті жоқ. Содан соң тұшпараны арнайы микротолқынды пешке арналған ыдысқа немесе қыш кесеге салыңыз да, қайнаған су құйыңыз. Тұшпаралар суға батып тұруы керек. Осы суға енді лавр жапырағын, тұз бен бұрышты, басқа да қалауыңызға қарай дәмдеуіштерді салсаңыз болады.
  2. Микротолқынды пешті ең жоғарғы температураға қойып, ыдысқа салынып, қайнаған су құйылған тұшпараны микротолқынды пеште 5-8 минуттай пісіресіз. Егер осы уақыт аралығында тұшпара пісіп шықпаса, тағы да 5 минутқа қалдыруға болады.
  3. Осылайша дайын болған тұшпараға майонез немесе қаймақ, тұздықтарқосыңыз. Аскөкті ұнататындар өз қалауынша көктің кез-келген түрін қосуына болады.
  4. Микротолқынды пеште тұшпараны тек бір адамға ғана дайындай аласыз. Бір минусы осы. Егер көпшілікке дайындайтын болсаңыз, тұшпараны қазанға салып қайната салғаныңыз дұрыс.



Қуырылған тұшпара мәзірі


Қажетті қоспалар:

  • 350 гр. тұшпара
  • 100 гр. қаймақ
  • 300 мл су
  • 20 гр. өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • Дәмдеуіштер

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаға май құйып, қыздырыңыз. Содан соң тұшпараларды салып, қуырамыз. Тұшпараларды әбден қызарғанша қуыру керек.
  2. Тұздығын дайындау үшін, қаймақ пен суды араластырып аламыз. Азырақ тұз, дәмдеуіштер қосамыз.
  3. Қаймақ пен су араласқан тұздықты отқа қойып қайнатып, осы қайнатпаға тұшпараны саламыз. Дәміне қарай тұз қосып, араластырып тұрамыз. 15 минутта тұшпара да дайын болады. Дайын тағамды сүзіп алып, бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарбыз бен жидектерден жасалған дәмді десерт