​Қалыңдық «ШАРҒЫ» дәстүрін орындауы шарт па?

0
207

"Шарғы" дәстүрі қалыңдықтың сіңлілеріне жол ашуы.


​Қалыңдық «ШАРҒЫ» дәстүрін орындауы шарт па?

фото: islam.kz

Қазақ халқы үшін қыз ұзату тойының орны ерекше. Қызды туған жері бар салт-жоралғыларды сақтап, мүмкіндігінше үлкен той жасап берсе, қыздың барған жерде сыйы артады деп сенеді. Кетіп бара жатқан қыздың болашағы үшін, екі жастың тез аяққа тұрып кетуі үшін жігіт жақпен теңдей күш салады. Қазақтың әр тойы секілді ұзатуда да сақталуға тиіс әдет-ғұрыптар аз емес.

Солардың бірі және бүгінде қыз ұзату тойларында орындалып жүрген «Шарғы» дәстүрі. Ұзатылып бара жатқан қыз өзінің тұрмысқа шықпаған құрбыларына және сіңлілеріне беретін сыйлығы.


Шарғы - бұл дәстүрге сай, ұзатылған қыз өзінен кейінгі сіңлісіне бас орамалын береді. Қазіргі ұзату тойларында үкі сыйлап жүр ғой, бұл да сондай көрініс.

фото: YouTube

Бұл «кезек сенікі, бақытыңды тап» дегенді білдіреді. «Шарғы» салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді. Жақсы тілектер айтылып, қызды он рет сол жағымен айналдырып, одан кейін он рет оң жағымен айналдырып, шәй ішіп құттықтасады.

Бүгінде бұл дәстүр жаңғыруда. Ескі дәстүрді сақтап ұзатылып бара жатқан қыздар құрбылары мен сіңлілеріне үкі немесе ормал сыйлауды әдетке айналдырып келе жатыр.

Қазақта дәстүр бойынша «бас құралсын, тезірек жанұя болсын» деген ниетпен әжесі немересіне немесе анасы қызына дайындайды. Бұйымды тіккенде адам жан-дүниесін беріп істейді. Содан кейін онда энергетика болады да, ол жас-жұбайларға беріледі.


Өңір салу

Ұзатылып, өз алдына отау болған қызына қыздың туыстары қайталай шашу алып келеді. Құтты болсын айтады. Үйге арнап көбінде терме бау, сырмақ, ожау, қазан, бақыр, қасық, саба, арқан-жіп әкеліп, отауды көріктеп өз қолдарымен тағады. Оны қазақ кадесінде «отау көріктеу», «өңір салу» деп атайды. Өңір сала келген әйелдерді, отау иесі ақсарыбас қойын сойып, асты-үстіне тұсып күтеді, дән риза етіп қайтарады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


«ҚАЗАНАС» пен «СОҒЫМ» екі түрлі дәстүр ме?


Қазақта қонақтардың бәріне арнайы табақ тартылған