​Қандай науқастың халін сұрауға БОЛМАЙДЫ?

0
10 105

Мұндай да бар екен...


​Қандай науқастың халін сұрауға БОЛМАЙДЫ?

фото: amin.kz

Мұсылмандыққа да, адамдыққа да міндетті нәрсе ол ауырған адамның көңілін сұрау, мұқтажға көмектесу, қайғылы адамға көңіл айту.

Әлімсақтан бері жалғасып келе жатқан бұл үрдісті ешкім үйретпей-ақ өмірлік сабақ алу арқылы адам көңіліне тоқи жүреді. Адам болғандықтан, түрлі жағдайлар кездеседі өмірде. Кейде жақын адамдарыңның бірі сырқаттанып, жақындарының бір ауыз жылы сөзіне, демеуіне зәру болуы мүмкін. Жанына батқан ауруын осындайда бір сәтке болсын «ұмытып», қаумалап келген жақындарының жылы лебіздері тарқатып, өзінің ауруын тезірек жеңуге деген сенімін оята түседі.

Науқастың көңілін сұрау қанымызға сіңген салттардың бірі. Бұл адамға деген құрмет, оны бағалау, жанына жақын екенін, жақсы көретінін сездіру. «Аурудың емі - саудың сәлемі» деген мақал бар. Яғни, науқастанып жатқан адамның көңілін сұрап, «ауырып тұрдың - аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады», «дертіңізге шипа берсін», «шикі ет ауырмаққа» деген сияқты жұбату сөздермен оның тез жазылуға деген сенімін арттыра түсу қажет.

Науқастың халін сұраудың сауабы жайлы айтатын болсақ, Пайғамбарымыз (с.а.с) және саңлақ сахабалар көңіл сұрауға ерекше мән берген. Алла Тағала науқасқа зиярат жасауды, Өзіне зиярат жасағанмен пара-пар санайды.Науқастың көңілін сұрау мұсылманның асыл міндеттерінің бірі. Науқастың көңілін сұрауға таңертең шықсада, кешке шықсада жетпіс мың періште тілеулес болып, жаннатта бір бақша дайындалады.

«Әй жолаушы! Ең дұрысын жасадың, жаннаттан өзіңе орын дайындадың» деп бір айқайлаушы періште жар салады. Науқастың көңілін сұрау жолы, Жәннат бақшаларын аралаумен пара-пар. Мұсылман бауырының көңілін сұраған құлға, жетпіс мың періште дұға жасап күнәсінің жарылқануына тілеулес болады. Науқастың разылығында Алланың разылығы жасырылған.

Мұсылман бауырының көңілін сұрауда қос сауап жасырылған: біріншісі бауырына зияраты, денсаулығын сұрау сауабы.

фото: ВКонтакте

Асыл дініміз бен ата-бабамыздың ұстанған жолы бір, науқастың халін сұрап барған кезде үміт беретін жақсы сөздер айту. Бұл адамдардың бір-біріне жақындата түсетін, бір-біріне қолдау білдіретін, бір-біріне жай ғана керек адам екенін сездіретін сәт.


Дегенмен, қазақтың ырымында басқа науқастардың бәрінен көңіл сұрауға болса да, күйікке шалынған адамның халін сұрап алдына бармайды, көрсетпейді дейді.


Оның жағдайын басқа да жақын туысынан, сол адамға қатысты адамдардан сұрап білуге болады. Оған әрине, сауығып кетуіне тілек білдіріп, дұға етуге болады. Көмек көрсеткіңіз келсе, ең жақын бауырлары, әке-шешесі немесе балалары арқылы көмегіңізді көрсетіңіз. Бірақ науқасты өз көзіңізбен көріп, оның жанында ұзақ отыруға болмайды. Себебі, күйген терінің жазылуы қиындап, топырлап адам келген сайын тері қатайып, жазылудың орнына болбырап кері кете береді екен.

Мұндай жағдайда тек сырттай тілеулес болып, сауығып кетуі үшін Алладан жәрдем тілеп, дұға етіңіз.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ОТҚАСАЛАР кәдесі келіннің әулетке ТЕЗ ҮЙРЕНУІНЕ көмектеседі


ЖЕТІ немесе ТОҒЫЗ үйден жинап әкелетін МЕРТІК АСты не үшін жегізеді