Келін табаққа не үшін СӘЛЕМ САЛАДЫ

0
11 840

Үлкендердің қолынан табақты алған келін сәлем салады.


Келін табаққа не үшін СӘЛЕМ САЛАДЫ

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

«Сәлем салу» қазақтың ертеден келе жатқан салттарының бірі. Келін алғаш рет ақ босағаны аттап, беташар рәсімі жасалғаннан кейін әулеттің үлкендеріне иіліп сәлем салады. Сәлем салу ең алдымен қарапайым амандасу екенін түсіну керек. Иіліп сәлем беру өзіңнен үлкен, жарыңнан үлкен кісіге деген сый-құрметің екенін естен шығармаған жөн.

Қазақ елінің кейбір өңірінде сәлем салу дәстүрінің екі түрі қалыптасқан, біріншісі - келіндердің өз күйеуінің үлкен ағайындарына амандық-саулық сұрасудың, ізеттің белгісі, екіншісі - әулеттің басы қосылып, үлкен дастархан жайылған жиында ас желінген соң келіннің табақты алып кетер алдында сәлем салуы. Яғни, ас желініп, бата қайырылып болғаннан кейін табаққа сәлем салуы.


Табаққа сәлем салу - ескіліктің сарқыншағы емес

Табаққа салем салу дегеніміз - ас жеп болған соң дастарқан басында отырған үлкен адам табақты келінге ұсынған кезде келін иіліп сәлем салып барып табақты алуы. Табақты берген кісі «Ұл тап, қарағым!», «Өркенің өссін!», «Көп жаса!» деген сөздер арқылы батасын беріп, рақметін айтады.
Әр өңірдің салтында біршама өзгерістер болғанымен, бұл салттың түпнұсқасы, негізгі мағынасы бір. Кей өңірлерде тамақ желініп болғаннан кейін бірден үлкен кісілер келінге табақты ұсынып, сәлемін қабыл алғаннан кейін ғана бата оқылады. Ал, кей өңірлерде ас қайырып, бата оқылып болғаннан кейін дастархандағы табақты алуға рұқсат етеді.


Дастархан басында отырғандарға төрдегі сыйлы қонақ немесе үлкен ақсақал дәмнен үлестіреді. Мысалы, қой сойылып, ет асылғанда шақырылған қонақтарға міндетті түрде бас табақ тартылады. Бас табақ сыйлы қонақтың алдында болғандықтан, ол сол жерде отырғандардың барлығына сыбағасын үлестіруі тиіс. Есік алдында ойнап жүрген балалар болса, олардың да дәм татқаны маңызды. Қазақтың ұмытылып бара жатқан бұл дәстүрінің астарында да тәрбиелік мән жатыр. Қонақ күту қамымен қызметте болған келіндерді де сыбағадан құр қалдырмай, «сарқыт» деп ұсынады.




Үлкендердің қолынан табақты алған келін СӘЛЕМ САЛАДЫ

Себебі, ол үлкенге деген сыйластық, сыйластықтың жауабы ретінде ол да бата алады. Жалпы, үй шаруасының бел ортасында білек сыбанып жүретін келінге жүктелетін міндет те көп қой. Солардың бірі келін отбасына жылылық, береке орнатуы тиіс. Сондықтан, сәлем салу дәстүрі қалыптасқан. Өйткені, келінге қарап, сол үйдің кіші ұл-қыздары бой түзейтін болған. сәлем салу арқылы отбасындағы сыйластыққа жол ашылады.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жұмысыңыз ӨНБЕЙ жатса, МЫНА 4 әдеттен аулақ болыңыз


УЫЗҒА жарымаған СӘБИ өскенде ҚАНДАЙ болады?