​Мына 4 амалды орындасаңыз, диета ұстау қиын болмайды

0
5 076

Диета ұстамас бұрын оған дайындалу керек дейді мамандар.


​Мына 4 амалды орындасаңыз, диета ұстау қиын болмайды

Диета – адам ағзасы мен психикасы үшін аса маңызды сынақ. Сол себепті де диетаға немқұрайлы қарауға болмайды. Ең алдымен емдәм ұстауға ағзаны дайындау керек.


Диетаға қалай дайындаламыз?

Артық салмақ барлық адамда бірдей артық тамақтанудан бола бермейді. Кейбіреулер қанша аз жесе де толысып кетуі мүмкін. Мұның барлығы бойдағы білінбейтін басқа аурулардың әсерінен болуы да ғажап емес. Сонымен қатар, гормондардың үйлесімсіздігінен, дұрыс таңдалмаған диетаның әсерінен де толысып кету қаупі бар. Осындай жағдайлар орын алмас үшін ең алдымен дәрігердің кеңесіне жүгінген дұрыс.

Өмірде біз барлық нәрсеге бірден қол жеткізе алмаймыз. Мысалы, күнделікті нан тауып жеп отырған жұмысымыз, үйіміз, көлігіміздің бәрі жайдан жай келе салған жоқ. Сол секілді диетаға да осылай қарау керек. Бір күнде салмақ тастап, арықтап кете алмайсыз. Арықтаудың соншалықты оңай емес екенін түсінуіңіз керек. Тіпті, бұл процесс сіз ойлағаннан да жай жүруі мүмкін. Бәріне де дайын болуыңыз керек. Кішігірім жетістіктің өзіне қуана білсеңіз, нәтижесі жаман болмайды.

1 айда 10 килограмм салмақ тастаймын деп үміттеніп қалмаңыз. Көп салмақ тастау зиянды екенін білетін боларсыз. Тіпті, осынша көп салмақ тастағанның өзінде салбыраған теріні қалай тартасыз? Диетологтардың айтуынша 1 айда ең көп дегенде 2 келіге дейін салмақ тастауға болады екен.

Диетаға осылайша дайындалып алып, сосын мыналарды жасауға кірісіңіз.


Физикалық жаттығумен айналысыңыз

Жаттығудың қай түрімен айналысамын десеңіз де өз еркіңіз. Жаяу жүру, жүгіру, жүзу, би билеу барлығы да физикалық жаттығу деуге болады. Диетамен бірге жаттығуды қатар алып жүретін болсаңыз, салмақ тез түсетін болады. Оның үстіне терінің салбырауы да болмайды.


Ағзаны тазалаңыз

Зат алмасу жүйесінің жұмысы баяуласа да салмақ тастау қиынға соғады. Бұл жүйенің жұмысын жақсарту үшін ағзадағы артық сұйықтық пен зиянды заттарды тазалау керек. Ол үшін газсыз суды, зімбір мен лимон салынған көк шайды көбірек ішіңіз. Тіпті, қарапайым суға лимон салып ішсеңіз де зат алмасуды жақсартады. Сондай-ақ, шөп шайлар, қарбыз бен қияр жесеңіз де іштегі токсиндерді айдап, шлактардан тазартады.

Ағзадан шлактарды шығарып, ішек жұмысын жақсарту үшін бір күн бойы тек айран ішкен де пайдалы. Сонымен қатар, балғын көкөністер мен жемістер жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұдан бөлек белсендірілген көмір ішіп ағзаны тазалуға болатынын естеріңізге саламыз. (10 кг салмаққа 1 таблеткадан)


Ыдысыңызды ауыстырыңыз

Үлкенірек көлемдегі тәрелкелерді кішкентайларымен ауыстырыңыз. Сонымен қатар, ашық түсті ыдыстарға қарағанда күңгірт түсті ыдыстар тәбетті қашырады.

Тамақты асықпай, көбірек шайнап жеген дұрыс. Себебі қарынның тойғаны жайлы сигналды біздің миымыз кеш сезінеді. Сондықтан да асықпай жесеңіз, салмағыңызға салмақ қосып алмайтын боласыз.


Сүйікті ісіңізді табуға тырысыңыз

Диета кезінде сүйікті іспен айналысудың пайдасы қандай? Егер сіз қандай да бір істен лаззат алып, оны жасап болғаннан кейін шын көңілден қуанатын болсаңыз, көңіл күйіңіз көтеріліп, қуаныш гормонын сезінетін боласыз. Мұндайда сіз тамақ туралы мүлде ұмытасыз. Жеген күннің өзінде бұрынғыдай көп жей алмауыңыз мүмкін. Хоббидің арықтауда тигізер пайдасы мол екенін ұмытпаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңертең ашқарынға ЖЫЛЫ СУ ішкендер ЖАСАРАДЫ


Диетологтар: мына азық-түліктерді ас мәзіріне МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қосу керек