Нанды немен алмастыру керек?
Нан – өте тойымды, қарынның тез ашуына жол бермейтін көмірсуларға және калорияға бай азық. Сондықтан да болар нансыз тамақтану көп адамдарға қиындық тудырады. Нан жемеген жағдайда қарны ашып, әлсірейтіндей көрінеді. Сіз де осындай жандардың қатарындасыз ба? Онда нанның орнын немен алмастыруға болатынын білген жөн.
Тұтас дәннен дайындалған нан (хлебцы)
Күнделікті жеп жүрген наныңызға қарағанда тұтас дәннен дайындалған нандар әлдеқайда пайдалы. Олардың құрамында жасұнық және басқа да пайдалы заттарбар. Мұндай диеталық нандарды арнайы дүкендерден сатып алуға болады. Алғашында бұл нанға тоймайтындай, тез қарныңыз ашаттындай көрінуі мүмкін. Солай болады да. Бірақ ағзаңыз тұтас дәннен жасалған нанды қабылдап, үйрене бастағанда пайдалы екенін де сезе бастайсыз. Әрине, калориясы мол қарапайым табаб нанның алар орны ерекше. Дегенмен денсаулықты ойласаңыз, сымбатыңызды қалыпқа келтіргіңіз келсе, осындай нанды жеуге тура келеді.
Нанды көкөніспен алмастырыңыз!
Нан жегіңіз келгенде оның орнына салат жапырақтарын, қырыққабат пен саумалдық сынды көктерді жеуге тырысыңыз. Мұндай аскөктер мен көкөністер тде өте пайдалы. Құрамы жасұныққа, С дәруменіне қаныққан тағамдар деуге болады. Оның үстіне калориясы да аз екенін ұмытпаңыз.
Жеміс-жидектер
Жеміс-жидектердің өте пайдалы екенін білетін боларсыз. Бірақ жемістерді нанның орнына жеу ойыңызға келмеген болар. Аломаны, амлұртты жұқалап турап, ірімшікпен қосып жеуге болады.
Сұлы жармасы
Таңғы асқа сұлы жармасынан ботқа дайындауға болады. Бұл нанның орнын басатын таптырмас тағам. Көп адамдар сұлы жармасын ұната бермейді. Бірақ оның пайдалы азық екенін білмегендіктен солай жасайтындай. Сұлы жармасынан ботқа дайындап жесеңіз де, смузи жасап ішсеңіз де құрамындағы пайдалы заттарын жоғалтпайды. Сол себепті де әсіресе таңғы асқа осы өнімді міндетті түрде қосу керек.
Қарақұмық жармасы
Қарақұмықты да сүйсініп жейтіндер аз. Бірақ та қарақұмық та сұлы жармасы секілді пайдалы заттарға бай өнімдердің бірі. Бұл ттағамды гарнир ретінде жейтіндер де баршылық. Бұдан бөлек, бидайдың қатты сұрпынан жасалған макарондарды да нанмен алмастыруға болады. Оның құрамында ақуыз бен жасұнық бар. Мұндай макарон мен көкөністерден дайыныдалған тағам ағзаны көмірсулар мен жасұнықпен қанықтырады.
Қоңыр күріштен жасалған нан
Қоңырқай күріштен жасалған нан өте қытырлақ әрі дәмді болады. Осындай нанды қарапайым нанмен алмастырып, бутерброд жасап жеуге болады. Ақ күрішке қарағанда қойырқай күріште ақуыз, жасұнық көбірек болады дейді мамандыр. Сол себепті де осы күріштен дайындалған нанды таңдаған дұрыс.
Пеште піскен баялды
Пеште піскен баялдылар да нанның орнын баса алады. Баялдының құрамында мықты антиоксиданттар бар. Бұл әсіресе баялдыны жақсы көретіндер үшін жақсы мүмкіндік.
Есіңізде болсын, нәтижеге жетудің бірден-бір жолы – табандылық. Ең бастысы диетадан жалықпау керек. Оның жолы – тамақтану мәзірін түрлендіру. Бірінші күні нанның орнына салат жапырағын жесеңіз, екінші күні көкөністерді дайындаңыз. Үшінші күні сұлы жармасы мен қарақұмықты талғажау етуге болады. Осылайша сіз нан іздемейтін боласыз. Сымбатыңыз да қалыпқа келеді.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: