Етеккір келгенде диета ұстау дұрыс па?

0
7 153

Денсаулығыңыз сыр бергенде дәрігерлер дұрыс тамақтану керектігін айтады. Сол секілді айлық белгі келген уақытта да нәзікжандыларға зиянды, ауыр тағамдардан бас тартып, диета ұстанған дұрыс екен. Себебі кейбір қыз-келіншектер етеккір кезінде ауырсынуды көтере алмай, төсек тартып қалатын жағдайлар болады.


Етеккір келгенде диета ұстау дұрыс па?

фото: cdns.klimg.com

Денсаулығыңыз сыр бергенде дәрігерлер дұрыс тамақтану керектігін айтады. Сол секілді айлық белгі келген уақытта да нәзікжандыларға зиянды, ауыр тағамдардан бас тартып, диета ұстанған дұрыс екен. Себебі кейбір қыз-келіншектер етеккір кезінде ауырсынуды көтере алмай, төсек тартып қалатын жағдайлар болады. Міне, осындайда ауырсынуды басатын дәрілер қабылдауға тура келеді. Бірақ та осының салдарынан адамның өмір сүруге деген құлшынысы төмендеп, тіпті, ұйқының бұзылуы да ғажап емес. Міне, осыдан кейін біздің аруларымыздың жағымсыз мінез-құлқы мен әрекеттерін айналасындағылардың да көтеруіне тура келеді.

Диетаның маңыздылығы неде?

Жалпы етеккір кезіндегі ауырсыну – дисменорея деп аталады. Бұл аурудан тек дұрыс тамақтанып, пайдалы тағамдарды ас мәзіріне қосу арқылы арылуға болады. Себебі айына бір рет мазалайтын етеккір мерзімінде дұрыс тамақтансаңыз мынадай мәселелер туындамайды:

  • Салмақ қосуға себеп болмайды;
  • Қан кетуді азайтады;
  • Ауырсынуды басады.

Ай сайын қан кету кезінде осылайша қатты ауырсынуды бастан өткізетін болсаңыз, міндетті түрде дәрігермен кеңескеніңіз жөн. Өз білгенің бойынша ем қабылдап, дәрілерді ішпеген жөн.

Әйелдерге тамақтану рационын өзгерту өте қиынға соғады. Сондықтан да олар үйреніп қалған асты әзірлеп жеуге құмартып тұрады. Кейбірі дұрыс тамақтану дегенді арнайы азық-түліктерді сатып алып, жеке дайындап жеу деп түсінеді. Бұлай етудің қажеті жоқ. Егер де етеккір кезінде көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жейтін болсаңыз, ауырсыну басылады. Өйткені олар табиғи антиоксиданттар, құрамы магний мен кальцийге бай. Сол себепті де мына жемістерді жеу ұсынылады:

Алма, апельсин, қарақат, қараөрік, қауын, қарбыз, ананас, қызыл қырыққабат.

Тағам құрамындағы магний бұлшықеттердегі ауырсынуды басып, жағдайыңызды бірқалыпқа келтіреді. Бұл элементті жаңғақтардан, бұршақ тұқымдас өсімдіктерден, дәндерден ала аласыз. Ас мәзіріне:

  • Фасоль
  • Соя
  • Қарақұмық
  • Бұршақ
  • Қоңыр түсті күріш
  • Грек жаңғағы
  • Бадам жаңғағын қосқан дұрыс.

Жоғарыда айтылған тағамдарды аз-аздан жеу керек. Әйтпесе ішіңіз желдеп, жайсыздық туындауы мүмкін. Сонымен қатар, бұл тағамдарды ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын жейсіз.

Бұдан бөлек балық пен теңіз өнімдерінің құрамынан табылатын майлы қышқылдар да етеккір кезіндегі ауырсынуды басуға көмектеседі. Әсіресе мыналар:

Арқан балық, тунец, сардина, алабалық.

Осы балықтардың бойындағы майлы қышқылдар мен омега-3 ағзаңызға қуат беріп, бел ауруын басып, қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ, зығыр дәнінің де осындай қасиеттерге ие екенін естеріңізге саламыз.


Қандай сусын ішу қажет?

Түймедақ, мыңжапырақ, жалбыз, түймешетен қайнатпаларын ішуді ұсынамыз. Өйткені бұл сусындардың ауыруды басатын, тыныштандыратын қасиеттері бар.


Қан кетуді азайтуға да болады

фото: neoguru.ru

Бұл жағдай барлық қыз-келіншектерде кездеседі деп айту қиын. Тек кейбірі ғана қанның көп кетуінен зардап шегіп жатады. Мұндайда әрине диета көмектеседі. Қан құрамындағы темірдің көлемі артқан сайын қан кету баяулай түседі екен. Сол себепті де құрамы темірге бай тағамдарды да рационға қосқан абзал. Алайда мұның барлығын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жасай аласыз.

Ал, үстел үстінде мына тағамдардың болмағанын қадағалаңыз:

  • Сүт өнімдері;
  • Майлы тағамдар;
  • Қуырылған тағамдар;
  • Қақталған тағамдар;
  • Тұздалған, маринадталған тағамдар.

Магний мен кальций жетіспеушілігі ауруды үдетіп, асқындыра түсуі мүмкін. Әсіресе түнгі уақытты беліңіз бен іштің төменгі жағы қатты ауырады. Бұған бас ауруы қосылып, көңіл-күйіңіз мүлде түсіп кетеді. Сондықтан да мұндай жағдайды бастан кешірмес үшін мына тағамдарды ас мәзіріне қосыңыз:

Банан, сүзбе, кефир, йогурт, қарақұмық ботқасы.

Ай сайынғы қан кету кезінде мазасызданып, ауырсынуды болдырғыңыз келмесе, дұрыс тамақтанып, тыйым салынғандарынан мүлде бас тартқан дұрыс.