Кәдінің ас қорытуды жақсартатын, қандағы қант мөлшерін азайтатын, көздің көргіштігін жақсартып, жүрек жұмысын қалыпқа келтіретін кереметтей қасиеттері бар.
Кәді өте пайдалы көкөністердің бірі. Оның құрамында А, С, К дәрумендері мен ағзаға күнделікті қажетті микроэлементтер, антиоксиданттар жеткілікті. Кәді жасұныққа да бай болғандықтан күнеделікті ас мәзірінің құрамында болуы керек. Ендеше осындай пайдалы көкөністен дәмді тағам дайындайық!
Қажетті қоспалар:
- 2 дана кәді
- 1 тіс сарымсақ
- Азырақ ірімшік
- 25 мл кілегей
- 1-2 шым-шым карри дәмдеуіші
- Дәміне қарай тұз, қара бұрыш
- 250 гр. тауық немесе үндік еті
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен көкөністерді тазалап жуып аласыз. Содан соң кәдіні 3-5 см қалыңдықта турап шығу керек. Сосын дөңгелектеп туралған кәдінің ортасындағы дәндерін, етті жерлерін алып тастаймыз.
- Қазанға 1-2 литр су құйып, қайнатыңыз. Тұз салып, қайнап тұрған суға туралған кәділерді саласыз. 10 минуттай қайнатып, кәділерді сүзіп алу керек.
- Етті сүйегінен ажыратып, блендермен майдалап алыңыз. Осы етке кәдінің ортасынан алынған бөліктерін, тұз, карри, қара бұрыш, кілегей мен сарымсақты салып, араластырасыз. 1 миннута барлығы өте жақсы араласатын болады.
- Табаға противень қағазын салып, майлайсыз. Енді дөңгелек кәділерді қойып шығыңыз. Оның ортасына фаршты толтыра салыңыз. Сосын 200 градусқа қыздырылған пеште 30 минуттай ұстау керек. Кәділердің пісуіне 2-3 минуттай уақыт қалғанда бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, қайтадан пешке салып, пісіріп алсаңыз болғаны. Өте дәмді кәді тіскебасарлары дайын! Бұл тағамды арықтағысы келетін қыз-келіншектер түскі немесе кешкі тағам ретінде дайындауына болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
СЫМБАТЫҢЫЗДА МІН БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ: нансыз тамақ жей алмайтындарға кеңес