​Бойды өсіретін ең тиімді 2 жаттығу

0
53 682

Бойдың ұзындығы адамның сымбаттылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Сол себепті де қай жаста болмасын отасыз-ақ ұзындықты арттыруға болады.


​Бойды өсіретін ең тиімді 2 жаттығу

Бойдың ұзындығы адамның сымбаттылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Сол себепті де қай жаста болмасын отасыз-ақ ұзындықты арттыруға болады. Жалпы, аяқтың ұзаруы біріншіден, сүйектерге механикалық тұрғыда әсер еткенде, екіншіден, тізе буындарындағы шеміршектер ұзарғанда, үшіншіден, бойды өсіретін гормондар гипофиз жасап шығарғанда жүзеге асады.

Әсіресе мынадай екі жаттығу аяқты ұзартып, бойды өсіруге жақсы әсер етеді екен. Олай болса, өз бойына көңілі толмайтындар бұл жаттығуларды аптасына 3-4 реттен жасаса, 3-6 ай ішінде бойды 5-10 см дейін өсіруге болады.

Салмақ бергішпен (утяжелитель) жасалатын жаттығу


i.ytimg.com

Аяқты ұзартауға арналған ең тиімді жаттығу саналады. Тіпті, бойдың өсу мерзімі тоқтаған уақытта да нәтижесін береді.

  • Ең алдымен денені қыздырып алу керек. Ол үшін бір орында тұрып жүгіріңіз немесе секіргішпен секіріңіз.
  • Осыдан соң аяқпен жаттығуды жалғастырасыз. Ол үшін оң аяқты оң жаққа қарай серписіз. Сол аяқты сол жаққа қарай 50 реттен серпу ұсынылады. Серпу жаттығуын жасап болған соң «тебу» жаттығуына кірісесіз. Яғни, аяқты алдымен артқа жіберіп, тізені бүге алға қарай, тепкендей әрекет жасалады. «Тебуді» әрбір аяққа 100 реттен жасаған артықтық етпейді. Әрине бойды өсіруді енді ғана қолға алғандар осынша рет қайталай алмауы мүмкін. Дегенмен, көбірек жасауға тырысқан жөн.

2.Содан соң деміңізді қалыпқа келтіріп, аяққа салмақ бергішті киесіз де үстелдің үстіне отырасыз. Үстелге отырғанда аяқтарыңыз еденге тимеуі қажет. Денені тік ұстап, аяқты жай қимылмен ары-бері қозғайсыз. Есте сақтайтын бір жайт, салмақ бергіш 5 келіден аспауы керек. Әрбір аяққа 5 келіден аспайтын салмақ бергішті киіп, 5-10 минут отыруыңыз қажет. Мұндай құралды қазіргі уақытта кез келген спорт дүкендерінен сатып алуға болады немесе қолдан тігіп алсаңыз да жарайды. Егер қолдан тіккіңіз келсе, мықтылау матаға тас толтырып салып, салмағын өлшейсіз. Содан соң осы салмақ бергішті пайдалана аласыз.

Ескерту! Аяқты өсіру жаттығуларын арқа, бел омыртқа ауруларына шалдыққандар тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жасайды.

3.Енді салмақ бергішті шешіп, аяққа 5-10 минут серпу жаттығуын жасайсыз.

4.Салмақ бергішпен аптасына кем дегенде 3 рет жаттығу жасау керек.

Инверсиялық аяқ киіммен де бойды өсіруге болады

disput.azstatic.com

Екінші жаттығуды орындау үшін инверсиялық үстел (инверсионный стол) немесе аяқ киім қажет. Бұл заттарды спорт дүкендерінен табуға болады. Инверсиялық аяқ киімді киіп, төмен қарай салбырап тұрасыз.

Бұлайша жаттығу да сүйектердің, дененің төменгі жақ буындарының және арқаның созылуына ықпал етеді. Басқа жаттығуларға қарағанда инверсиялық аяқ киіммен жасалатын созылу жаттығулары өте тиімді әрі бойды тез өсіреді. Оның үстіне мұндай аяқ киіммен турникте көп уақыт асылып тұра аласыз.

Инверсиялық аяқ киіммен жасалатын жаттығуды ұйқыға жатардан бір сағат бұрын орындаған жақсы нәтиже береді. Алғашында басыңыздың төмен салбырап тұруының кері әсерін сезінуіңіз мүмкін. Бірақ, үйрене келе көп уақыт осылай тұратын болсаңыз, діттеген мақсатқа қол жеткізесіз. Дегенмен, бойын өсіруге құмартқан жандар жаттығуды 3-5 минуттан асырмауы керек. Соңынан 30 минутқа дейін ұзарта береді.

Дәрігерлер инверсиялық жаттығуларды омыртқа ауруларын емдеуге арналған ең қолайлы тәсіл деп біледі. Дегенмен, мұндай жаттығулармен айналыспас бұрын дәрігерден кеңес алған дұрыс.

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ