Фитнес... Алғаш рет... Нені білу керек?

0
6 689

Фитнеске алғаш барғандар осы қателіккке үнемі ұрынады. Олар жаттығуларды жасап, денемізді нығайтып жатырмыз, енді бізге кез келген тағамды жеуге болады деп ойлайды. Алайда бұл дұрыс пікір емес. Керісінше, фитнеспен айналысуды бастаған адам тамақтануға да көп мән беруі тиіс. Әсіресе дұрыс тамақтануды қолға алса тіптен жақсы.


Фитнес... Алғаш рет... Нені білу керек?

Фото: goodfon.ru

Егер де сіз енді ғана фитнеспен айналысуды бастамақ болсаңыз, мынадай ескертпелерді есте сақтағаныңыз жөн.

Ең алдымен фитнес клубты дұрыс таңдау керек. Өзіңіз қалаған фитнес орталыққа телефон шалыңыз немесе барып көруге де болады. Ол жерден сіз бір айда қанша ақша төлеу керектігін, сол төлемге басқа қандай жеңілдіктердің кіретінін сұрайсыз. Содан соң тренажер залына кіріп, таныссаңыз да артықтық етпейді. Кейбір фитнес орталықтарда бір немесе бірнеше ақысыз сабақтарды өткізіп жатады. Бұдан бөлек, фитнеспен айналысуға бел шешіп кіріскен болсаңыз, абонементтік картаның бір жылға жарамдысын алған дұрыс. Мұндай абоненттік карталарда көптеген жеңілдіктер болады.

Сонымен сізге аталмыш фитнес орталықтың бағасы, жұмыс тәртібі, орналасқан жері ұнаған болса, жаттығуды, денеңізді шынықтыруды бастаңыз. Алайда, сіз мұндай орталыққа бірінші рет қатысқалы отырғандықтан, жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен ақылдасып алғаныңыз абзал. Сонда еш кедергісіз әрі қорқынышсыз фитнеспен айналыса аласыз. Бұл фитнеске келудегі бірінші қадам.

Спорттық киімді дұрыс таңдаудың да маңызы зор

Себебі синтетикалық матадан тігілген киімдер теріге ауа өткізбей, тершеңдікті үдете түседі. Сол үшін киімнің мақта-матадан тігілген түрін алуға кеңес береміз. Өйткені мұндай маталар денеге ауа өткізіп, ылғалды да жақсы сіңіреді. Сонымен қатар, ешқандай тітіркендіргіш қоспа қосылмайды.

Фитнеске өте ыңғайлы аяқкиім – классикалық үлгідегі кроссовкалар. Бұл кроссовкалар өте төзімді және табан буындарының таймауына жақсы көмектеседі. Сонда сіз аяқтың ауырғанын, жайсыздықты сезбейтін боласыз.

Денеге қатты жабысып тұратын спорттық форманы да таңдамаған абзал. Себебі мұндай киімді кисеңіз қанайналым дұрыс жүрмей, өз-өзіңізден қысылатын боласыз. Сондай-ақ, жабысқан киім денеңізге қонымды, жайлы болады деп ойламаймыз. Бірақ та арнайы спорт дүкендеріне барып, қымбат киім алудың да қажеті жоқ. Ең бастысы денеге қонымды, ауа өткізетін, жайлы болса жеткілікті. Қандай киімді таңдасаңыз да, ең маңыздысы оны күн сайын жуып-шайып тұруды әдетке айналдырыңыз. Мұның себебін айтпасақ та түсінікті болар.

Дұрыс тамақтану керек

Фитнеске алғаш барғандар осы қателіккке үнемі ұрынады. Олар жаттығуларды жасап, денемізді нығайтып жатырмыз, енді бізге кез келген тағамды жеуге болады деп ойлайды. Алайда бұл дұрыс пікір емес. Керісінше, фитнеспен айналысуды бастаған адам тамақтануға да көп мән беруі тиіс. Әсіресе дұрыс тамақтануды қолға алса тіптен жақсы.

Фитнес орталығына абонемент сатып алып немесе үй жағдайында-ақ жаттығу жасауды бастасаңыз, тек дене-бітіміңізді қалыпқа келтіріп қана қоймай, денсаулығыңызды нығайтатыныңызды да ұмытпаңыз. Фитнестің көмегімен сіз:

  • жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіресіз;
  • жаттығумен айналысу барысында ағзада серотонин заты түзіліп, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне ықпал етеді әрі әрбір жасаған ісіңізден ләззат алатын боласыз.

буын ауруларынан айығасыз;

сонымен қатар, радикулит, спондилез, остеохондроз, сколиоз және басқа да омыртқа ауруларының алдын аласыз;

зат алмасу жүйесі қалыпқа келеді;

жалпы ағзаның жұмысы жақсарады;

депрессиядан шығудың таптырмас амалы;

Фитнес пен денсаулықты егіз ұғым деп қарауымызға болады

Өйткені сіз фитнеспен айналысу арқылы ағзаңызды ерте қартаюдан алыстатасыз. Ерте жастан ағза жасушаларының өлуіне жол бермейсіз. Міне, мұның өзі өміріңізді біршама өзгертеді деуге болады. Фитнес – жастықты ұзағырақ сақтап, қарттықты біршама алыстата түседі дегеніміз дұрыс шығар. Бұл шынында да солай!

Дайындаған Қ.Өмірзаққызы