Қан тобыңыз ІV болса: ЖАЯУ ЖҮРУ, ЖҮЗУ және ЙОГА арқылы тез арықтайсыз

0
2 891

Ал басқа қан топтары ше? Оларға қандай кеңестер ұсынылады?


Қан тобыңыз ІV болса: ЖАЯУ ЖҮРУ, ЖҮЗУ және ЙОГА арқылы тез арықтайсыз

Көпшілігіміз қан тобымыздың қандай екенін жақсы білеміз. Бірақ, біз оның адамның мінез-құлқына, болмыс-бітіміне әсер ететінін білмеуіміз мүмкін. Ал тағамды қан тобына сай жеу арқылы арықтауға, не болмаса салмақ қосуға болады десем сенесіз бе?

Иә, ғалымдар адамдардың қан тобын зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Олар тіпті спорт түрін де қан тобына сай таңдауға кеңес береді.


Қан тобы: І (0) - "аңшы"

I топ. Бірінші топтағы қан иелері - өте әсершіл, сезімтал жандар. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдайды. Көздеген мақсатына жету үшін аянбай қызмет ету - оларға тән қасиеттердің бірі. Әр істе көшбасшы болуға тырысады. Сенімділігі мен ынтасының арқасында үлкен жетістіктерге жететін жандардың қаны көбінесе осы топқа жатады екен.

Олардың бойында өзгелерге қарағанда адреналин гормоны көп. Сондықтан күйзелістен шығып, өзін қалыпқа түсіру үшін көп уақыт қажет болады.

Физиологиясы:

- ерлер күшті денелі (атлетикалық) болып келеді де, әйелдер толықтыққа бейім;

- иммундық жүйесі мықты;

- тәбеті жақсы.

Тағам түрлері:

Арықтауды қалайтындар құрамында ақуыз мол болатын тағамдарды тұтынған абзал. Сондықтан ет пен балық дастарханнан үзілмесін. Ал көкөніс пен жемістерден брокколи, қырыққабат, ақжелкен, асқабақ, сарымсақ, асжапырақ, інжір, қара өрік жеген пайдалы.

Артық салмақ қосып алмау үшін сүт тағамдары, оның ішінде айран, сүт, сүзбеден алшақ болған жөн. Пісте, авокадо, апельсин, құлпынай, жүгері, баялды мен картоптан жасалынған тағамдар да денеңізді артық маймен толтырады.

Сай келетін спорт түрі:

- аэробика;

- жүзу;

- күштік (силовая) гимнастика;

- би;

- бодибилдинг.


Қан тобы: ІІ (А) - "егінші"

IІ топ. Тамырында осы топтың қаны ағатын жандар тыныштықты жаны сүйетін, ортамен жақсы тіл табысып, тыңдай алатындығымен ерекшеленеді. Шығармашылыққа жақын, сезімге берілгенді ұнатады. Шыдамды, бірақ, бір көтерілсе, ашуын біразға дейін баса алмайды. Мұндай адамдар бірбеткей болып келеді.

Физиологиясы:

- әйелдер нәзік болғанымен, аздап толықтау;

- сыртқы бейнесінде кереғарлық басымдау. Мәселен, кең жамбас пен иықты, бірақ, аяғы жіңішке болуы мүмкін. Немесе, денесі ірі, ал бет-әлпеті кішкентай т.б.;

- кортизол гормоны жоғары болғандықтан тамақтануға тәбеті бола бермейді. Дегенмен, мамандар оларға күніне 6 рет тамақтануға кеңес береді

Тағам түрлері:

Дене салмағын қалыпты ұстағысы келетіндер көкөністерге құмартқаны дұрыс. Ет өнімдерінен тауық пен күркетауықты пайдалану қажет.

Ал мал еті, теңіз өнімдері, сүт өнімдері, баялды, зәйтүн, қызанақ, апельсин, банан, кокос, мандарин, үрмебұршақ семіздікке алып келуі мүмкін.

Сай келетін спорт түрі:

- йога;

- шығыс жекпе-жегі;

- жүгіру;

- би;

- жүзу.


Қан тобы: ІІІ (В) - "көшпенді"


IІІ топ. Үшінші топқа жататындар - ортаға тез бейімделетін, адамдармен оңай тіл табысатын адамдар. Олар өз дегенімен жүріп, жан дүниесі қиял мен фантазияға бай, алға қойған мақсатына жетуге тырсады. Ішкі жан-дүиесінде алай-дүлей дауыл соғып тұрса да, сырт көзге білдіртпей, байсалдылығынан танбайды.

Физиологиясы:

- үнемі отырып жұмыс жасайтын жандардан басқасы семіздікке аса бейім емес;

- мүсіні мүнсіз, бірақ, болайлары аласа келеді;

- кортизол гормоны жоғары болғандықтан асқа айтарлықтай тәбеті болмайды;

- иммундық жүйесі жақсы.

Тағам түрлері:

Аталған қан тобындағылар сүт өнімдерін көбірек тұтынуы тиіс. Сонымен бірге, қой еті де пайдалы тағам саналады. Көкөністер мен жемістерден баялды, қырыққабат, бұрыш, үрмебұршақ, сәбіз, қызылша, ананас, банан, жүзім, қараөріктің ағазаға берері мол. Ал жүгері, қарақұмық, тауық еті, авокадо, зәйтүн, қызанақ, асқабақ, анар, кокос пен құрмадан өзіңізді аулақ ұстаңыз.

Сай келетін спорт түрі:

- велосипедпен жүру;

- теннис;

- тауға шығу;

- жаяу жүру.


Қан тобы: ІV (АВ) - "жаңа бейне"

IV топ. Ұстамдылықты серік еткен, адал әрі сенімді жандар. Ешкімді бөле-жара қарамайтын, бәріне теңдей қарайтындықтан ортасына аса сыйлы. Ұйымдастырушылық жасап, көпшіліктің көңілінен шыға алады. Бірақ, бір шешімге келу үшін ұзақ ойланатыны бар.

Физиологиясы:

- ең сирек кездесетін қан тобының иелері өзгелерге қарағанда семіздікке бейім;

- фолликул жандандырушы гормоны төмен болғандықтан әйелдердің бала көтеруінде мәселе туындап жатады.

Тағам түрлері:

Маңызды тағам - майсыз ет және теңіз өнімдері. Мамандар көкөністер мен жемістерден баялды, қияр, брокколи, қызылша, сарымсақ, ананас, жүзім, грейпфрут, киви, лимон, қараөрік жеуге кеңес береді.

Ал макарон, нан, тауық еті, қарақұмық, бұрыш, апельсин, банан, анар, манго мен құрма семіруге алып келуі мүмкін екен.

Сай келетін спорт түрі:

- йога;

- жүру;

- жүзу.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


40 ЖАСТАН асқан әйелдердің жасауға ТИІСТІ 5 жаттығуы


Жаттығу кезінде су ішуге бола ма?