КҮЙЗЕЛІС кезінде ҚАНДАЙ спортпен айналысқан ДҰРЫС

0
1 884

Мамандар бойкүйез адамдар әдетте депрессияға түсуге бейім келеді дейді.


КҮЙЗЕЛІС кезінде ҚАНДАЙ спортпен айналысқан ДҰРЫС

фото: vashnarkolog.com

Күйзеліс жағдайында таңертең төсектен тұру да ерлік. Фитнес-клубқа бару туралы айтпай-ақ та қоялық. Дегенмен дәрігерлер мен психологтар бұл "тығырықтан" шығудың жолын спорттан іздеуге кеңес береді. Мұндай күйде спортпен айналысудың өз ерекшелігі бар. Осы орайда фитнеспен депрессия жағдайында қалай айналысу керектігін арнайы мамандардың тәжірибелеріне сүйенсек.

"Дұрыс жаттығу және уақытылы ұйқы" - бұл дәрігерлердің денсаулықты жақсартуға қатысты қағидасы. Бұл жерде физикалық қана емес, психологиялық жағдай да маңызды. Таяуда ғана австралиялық мамандар жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша күнделікті 25 минутты жаттығуға арнау депрессияның пайда болуын 22 пайызға азайтады екен. Бойкүйез адамдар әдетте депрессияға түсуге бейім келеді екен.

Әрине, өз-өзімізді қинап жаттығу қиынға соғады. Оның үстіне күйзеліс жағдайы болатын болса тіпті қиындау. Дегенмен, рекорд жаңартудың қажеті жоқ. Әр адамға интенсивті түрде спортпен айналысуға мүмкіндік бар. Қандай да бір психологиялық жағымсыз күй болған жағдайда адамда кортизол гормоны бөлінеді. Бұл гормон шаршау, стресс, ашығу, қорқыныш сияқты жағымсыз әсерлер туғызады. Алайда бірқалыпты, тұрақты түрде жаттығумен айналысу кортизолды төмендетеді. Тіпті аптасына бір рет спортпен шұғылдансаңыз да бұл көрсеткіш байқалып тұрады.


Топ болып спортпен шұғылданыңыз!

фото: vladtime.ru

Мамандар депрессиядан көпшілік арасында жүріп құтылу жеңіл дейді. Спорт залдарында жаттығудың салдарынан депрессиядан 26 пайызға арылуға болады екен. Өйткені адамның бойында мақсаты айқындала түседі, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Сондықтан да мамандар топтық жаттығуларды ұсынады.


Әлімізге қарай әрекет...

Бұл жерде спортпен айналысушы адам өзіне қандай жаттығулардың тиімді екенін өзі шешу керек. Депрессияға дейінгі жаттығуды таңдай ма, әлде қазіргі күйіне қарай жүктемені түсіре ме, ол жағын өз ағзасын тыңдай отырып шешкені жөн.


Жаңа дүниені байқап көріңіз!

Көңіл-күй төмен түсіп кете беретін жағдайда өзіңізге жаңаша бір дүниені байқап көрген пайдалы дейді мамандар. Мұндайда барынша өзіңізді қызықтыратын іс тауып, жағымсыз көңіл-күйден арылуға тырысу керек. Мысалы, неге йоганы байқап көрмеске? Себебі жаңа дүниені игеретін кезде мида өзгерістер пайда болады. Сол тың дүниені қабылдау үшін нейрон, бұлшықет, буын байланыстарының бәрі түгелдей іске қосылады. Мидың алдында қайткенде бұл нәрсені үйренемін деген тапсырма тұрады да, депрессияның ұшқыны да қалмайды. Өйткені фокус басқа жаққа аударылды.


Тыныс алыңыз!

фото: yoga-in-greece.ru

Дұрыс тыны алған кезде ағзамыз әжептәуір демалып қалады. Өйткені терең тыныс алу жүйке жүйесін тыныштандырады. Мамандардың сөзінше, тыныс алудың психикалық жағдайға әсері мықты. Тіпті соғыстан оралған ардагерлермен жұмыс істеу барысында да олардың көргендерін ұмыттыру мақсатында тыныс алу техникалары бойынша жаттығулар орындалады екен.


Біркелкі жүктемені таңдаңыз!

Депрессия кезінде көп жаттығу таңдаудың қажеті жоқ. Қандай да бір бағытты таңдасаңыз жеткілікті. Ал әртүрлі спорт түрімен бір мезетте шұғылдану адамды шаршатып жіберуі мүмкін.


Күйзеліс кезінде не істеуге болмайды?

Эмоционалды тұрғыда көңіл-күй түскен кезде өз бетінше ауыр жаттығулар жасауға болмайды. Депрессия кезінде адамның назары басқа жақта болады. Сол себептен де мұндай жаттығулардың жасалу техникалары, ережелері дұрыс сақталмауы мүмкін. Йогаға барған жағдайда да тым күрделі асаналарды орындауға кеңес берілмейді.


Мамандар күйзеліс кезінде үйде орындауға болатын мына жаттығуды ұсынады.


Шалабасана

фото: zen.yandex.ru

Бастапқы қалып: еденге жатып бетіңізді төмен қаратыңыз. Екі қол денені бойлай тұру керек, ал бас бір бүйіріңізге қарап тұру қажет. Оң аяқты жоғары қарай көтеріп аяқты тартыңыз. Аяқты тым жоғары көтеруге тырыспаңыз, еденнен бірнеше сантиметр асса жеткілікті. Осы қалыпты 4 секунд ұстап тұрыңыз. Бастапқы күйге оралып, жаттығуды екінші аятпен қайталаңыз.


Белсенді нүктелер массажы

фото: ishtayoga.com

Бастапқы қалып: лотос гүлінің позасы немесе түрік позасы (аяқ айқастырылады), арқа тік, дене босаңсыған күйде болу керек. Төрт секунд екі қастың ортасындағы нүктені (үшінші көз) уақалаңыз. Тағы да екі рет қайталаңыз. Артынша ұзағырақ жасауға болады.

Ал егер де ешқандай спорт сізге көмектеспей жатса дәрігерден кеңес алған артық болмайды.


Дереккөз: jv.ru