Су ішкен соң қолыңызды БІР минут жоғары көтеріңіз

0
3 764

Бұл бүкіл ағзаны жасартатын жаттығу.


Су ішкен соң қолыңызды БІР минут жоғары көтеріңіз

Бүгінгі күні адамға қажеттінің бәрін қолжетімді жерге орналастыру сәнге айналған. Тіпті жарықты сөндіру үшін де қолымызды бұрынғыдай жоғарыға көтермейміз. Бірақ мамандар мұндай жайлылық қолымызға ғана емес, денсаулыққа да кері әсерін тигізетінін айтады. Ал оның шешімі ретінде қолды күнделікті бір минут көтеріп тұруға кеңес береді.


Жаттығуды қалай жасайды?




Екі қолды жоғары көтеріп, құлып тәрізді жабылған күйде ұстаңыз. Сосын қолыңыз жоғарыда тұрған кезде сол калыпта біраз жүріңіз. Жаттығуды 1 минуттан кем жасамаңыз. Ал 15-20 минут жасаңыз, тіпті керемет нәтижеге қол жеткізесіз.

Адам қолының табиғи қалпы төмен қарай түсіп тұрады. Алайда физиотерапевтте қолдарыңыздың осы қалыпын өзгертіп, жоғары көтерудің пайдасы зор екенін айтады.


Біріншіден, қолды жоғары көтерген кезде ішек құрылысы жақсы жұмыс істеп, ас қорыту жеңіл болады. Сол арқылы асқазандағы ашу, бұзылу сынды жағымсыз әсерлер болмайды. Сонымен бірге дисбактериоздың алдын аласыз.



Екіншіден, қолды жоғары көтеру арқылы оны салбырап кетуден сақтайсыз. Салбыраған тері омыртқа формасының өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Яғни, остеохондроз секілді ауруларды туындатады. Қолыңызды көтеріп жаттыққан сайын сіздің арқаңыз да тік бола түседі.


Үшіншіден, жас ұлғайған сайын кеуде тұсы да өзгере бастайды. Көпшілік кеудесінің еңкейе түскеніне шағымданады.Ал сіз қол жаттығуын жасаған кезде ішкі органдарыңыз қалыпқа түседі. Одан бөлек әлсіреген іш бұлшықетін де нығайта аласыз.


Төртіншіден, қолды жоғары көтеру қимылын су ішкеннен кейін жасаған дұрыс. Себебі, су іште тұрып қалмайды, ішекті шлактардан тазалап өтуге мүмкіндік жасайсыз. Ал, тамақтанардан 20-30 минут бұрын 1-1,5 стакан су ішіп, қол көтеру жаттығуын орындасаңыз іш қатудан арыла аласыз.



(Сурет ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Фитбол сәбиді ДИСПЛАЗИЯ мен ЫҚЫЛЫҚтан арылтады



МЫНА 5 қимылды жаттығудан КЕЙІН міндетті түрде жасаңыз