​«ТӨРТБҰРЫШ» жаттығуын жасаңыз, ҚАН ҚЫСЫМЫН реттейді

0
793

Қарапайым болғанымен, тиімділігі жоғары.


​«ТӨРТБҰРЫШ» жаттығуын жасаңыз, ҚАН ҚЫСЫМЫН реттейді

«Төртбұрыш» тыныс алу техникасы – тыныс алу мен дем шығаруды белгілі бір тәртіппен үйлестіруге негізделген әдіс. Қарапайым болғанымен, тиімділігі жоғары.

Бұл техника әсіресе тыныштық қажет болған кезде өте тиімді. Мысалы, мазасыздық, стресс немесе қатты эмоциялар сезілгенде стрессті басқаруға, тынышталуға және психологиялық тұрақтылықты нығайту үшін қолдануға болады.

«Төртбұрыш» тыныс алу техникасының негізгі принципі – төрт кезеңді бірдей уақыт аралығында орындау. Жасау барысында шаршы пішінін елестетіп тұру керек. Пішіннің әр қабырғасы белгілі бір тыныс алу кезеңіне сәйкес келеді. Техниканы орындау оңайырақ болу үшін қағазға шаршы сызып, соған қарап отырып жасауға да болады. Әрбір кезеңнің ұзақтығы бірдей болады. Уақытты дұрыс өлшеу үшін секундомер қолданған абзал.


Техника келесі түрде жүзеге асырылады:

Дем алу (4 секунд)Бірқалыпты және терең дем алып, өкпеңізді толық толтырыңыз.

Үзіліс (4 секунд)Тыныс алмай әрі ешқандай күш жұмсамай, еркін қалыпта демді ұстап тұрыңыз.

Дем шығару (4 секунд)Демді баяу және толық шығарып, өкпеңізді босатыңыз.

Үзіліс (4 секунд)Демді шығарғаннан кейін 4 секунд өткенше тыныссыз тұрыңыз.

Бұл циклды 3-5 рет қайталаған дұрыс. Әрбір кезеңді біркелкі орындау арқылы жүрек соғысы баяулайды, көңіл күй жақсарады және денеде тыныштық орнайды.


Пайдасы:

  • Кез келген түрдегі стрессті жеңілдетеді
  • Психологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіреді
  • Сана мен дененің релаксациясын іске асырады
  • Ұйқыны жақсартады
  • Концентрацияны арттырады
  • Бұлшықет кернеуін босаңсытады
  • Демді ұстау уақытын ұлғайтуға жаттықтырады
  • Артериялық қан қысымын қалыпқа келтіреді
  • Жүйке жүйесін тыныштандырады
  • Эмоциялық жағдайды тиімді өзгертіп, қобалжуды және қорқынышты басады
  • Асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады
  • Организмнің жалпы ауруға қарсы төзімділігін арттырады
  • Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитетті күшейтеді
  • Назарды шоғырландыруды және жұмыс қабілеттілігі деңгейін көтереді
  • Адамның энергия құрылымын жаңартады
  • Мидың оң және сол жарты шарларының белсенділігін теңестіреді
  • Осы жаттығуды жасағаннан кейін мазаңызды алған сұрақтардың жауабын табасыз немесе жаңа идеялар келеді

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ