Бау-бақша үшін ТАПТЫРМАЙТЫН құралдар

0
3 388

Бұлар сізге керек болады.


Бау-бақша үшін ТАПТЫРМАЙТЫН құралдар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер үйде тұратындардың ішінде бау-бақша баптамайтындар аз болар. Маусымында өзің еккен табиғи, балғын жеміс-жидек, көкөністерді үзіп жегенге не жетсін! Ауланың қызылды-жасылды гүлмен көмкеріліп көңілді көтергені, жұпар исінің жан сарайыңды ашатыны бір бөлек ғанибет. Бірақ, осы ғанибетке жету үшін үлкен еңбек пен тұрақтылық керек. Бақытқа орай, еңбектеніп, бау-бақшамды жайқалтам дегеннің машақатын жеңілдететін де гаджеттер бар.


Тырнақты қолғап

Топырақпен жұмыс жасағанда жер тырмалауға тура келетін сәттер көп. Әсіресе, көшет отырғызғанда оны айналып өту қиын. Бұл шаруа әсіресе қыз-келіншектердің саусағы мен тырнақ сұлулығына сын келтіреді. Сондықтан, бір сыңарына жасанды тырнақ орнатылған қолғаптарды нәзік жандылар жоғары бағалауға тиіс.

Жиналмалы құбыр

Әдетте, ауланың ана басы мен мына басына еркін жетуі үшін шлангтың ұзын болғаны жақсы. Алайда, оның ыңғайсыз тұстары да бар. Мәселен, тым ұзын құбыршекпен жақын маңдарды суару кезінде жиі ширатылып, оралып не бүктеліп қалады. Осы мәселені болдырмаудың амалын іздеген өндірушілер шешімін тапқандай. Ол – екі қабатты латекстен жасалған құбыршек. Бос кезінде қысқа болып жатқан шланг су айдаған кезде су арынының күшімен үш есеге дейін ұзарады. Жұмсақ әрі созылымды материалдан жасалғандықтан, онда оралып қалу, бүктелу, ширатылу дегендей келеңсіздіктер тумайды. Әрі су ағынын екі есеге арттыратын қасиетке де ие.

Шарлы таймер

Ақылды шарлы таймер суды өздігінен қосу және өшіру үшін қолданылады. Бұл уақыт өлшегішке алдын ала қосылу-өшірілу уақытын белгілеу арқылы жүзеге асады. Осылайша өзіңіз үйде жоқ болған уақытта да көгал, жылыжай не бау-бақша суарусыз қалмайтын болады. Шарлы таймерді орнату арқылы қалаған жағыңызға еш уайымсыз кете бересіз әрі көршілерге де өтініш жасаудың қажеті болмай қалады.



Картопты кәдімгі күрекпен қазбаңыз

Картопты үнемі егіп жүрген бағбандар біледі, оны кәдуілгі күрекпен қазса, көбіне көкөністер ортасынан бөлініп қалып жатады. Ал кейде топырақ арасынан байқалмай бүтін күйінде қаып кетуі де мүмкін. Осы жағдайды болдырмау, картоп қазу процесін оңтайландыру үшін суреттегідей күректі қолданған абзалырақ.


Бел ауыртпайтын қопсытқыш

Өндірушілер «Торнадо» деп атау берген бұл құрал топырақты қопсытуға арналған. Әлбете, бұл қзыметті атқаратын құралдар өте көп. «Торнадоның» басты артықшылығы – қопсыту кезінде арқаға, белге күш түсірмейтіні. Екі жақ сабынан ұстап жерге кіргізгеннен соң сабын 60 градусқа бұрап қалсаңыз болғаны. Топырақ қопсиды, өсімдіктің түбі босайды, арамшөптер тамырымен қопарылады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«КОРОНАВИРУС ТАРАТА МА?»: 5G ғаламтор желісінің адам өміріне ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?


Смартфонмен ҚАН ҚЫСЫМЫ, қандағы ОТТЕГІ мен ГЛЮКОЗА деңгейін өлшей аласыз