Экранға қорғаныш пленканы өзіңіз-ақ жапсырып аласыз

0
3 838

Телефонға немесе планшетке қорғаныс пленкасын орнату үшін арнайы салондарға барамыз. Ал осыны неге үйде жасамасқа? Өзіңіз жасап үйреніңіз!


Экранға қорғаныш пленканы өзіңіз-ақ жапсырып аласыз

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Бүгінде кез келген жаңа телефон немесе смартфон алған адам бірінші кезекте экран қорғаныш пленка жапсыртып алады. Ол телефонға жұмсалған ақшадан кейінгі екінші шығын. Сондықтан, пленканы аз ақшаға сатып алып, өзіміз үйде жабыстырып үйренейік. Бүгінгі мақала да соған арналады. Осы кеңестер мен кезеңдерді дұрыс қолдансаңыз барлығы дұрыс болады!


1-қадам. Бөлмені дайындаңыз

Үй-жайда шаң көп болса, пленканы телефон экранына мүлтіксіз орналастыру мүмкін емес. Себебі, ұсақ шаң-тозаңдар қорғаныш пленкасының ішіне кіріп кетсе, экран мен пленка арасында ауа қалып қояды. Сондықтан мыналарды ескеру қажет:

• тұрғын бөлмелерде жиһаз, төсеніш секілді шаң жинағыш заттар көп болады. Олай болса, пленка жапсыру үшін ең жақсы орын – ас үй немесе жуынатын бөлме. Бірақ, ол жерлерден де бірнеше заттарды шығаруға тура келеді;

• құрғақ ауада шаңдар жеңіл ұшады. Сол себепті, ауаны ылғалдандырған дұрыс немесе еденді сүртіп, отыруға болады.


2-қадам. Құралдарды дайындаңыз

Енді дайын орынға құралдарды орналастырыңыз. Телефон мен қорғаныс пленкасынан басқа бізге:

• дисплейді тазалауға арналған сұйықтық немесе қалыпты спирт;

• пластикалық карта;

• арнайы пленкаға жасалған сүрткіш (көбіне пленкамен бірге болады);

• скотч қажет.


Жұмыс алдында шашты жинап, қолды жуып, ыңғайлы киім таңдаңыз!


3-қадам. Қорғаныс пленкасын дайындаңыз

Егер сіз арнайы пленканы сатып алсаңыз, бұларды жасамауға болады. Ал әмбебап нұсқаны сатып алсаңыз, қайшымен немесе пышақпен жұмыс істеуге тура келеді. Дайындау үшін:

• зауыттық пленканы арнайы тордың үстіне қойып, сызбалар бойынша кесіңіз;

• әмбебап пленканы телефонның бетіне қойып, жиегін маркермен немесе фломастермен белгілеңіз;

• экранның шеттерінен шамамен 1 мм-дей артық кесіңіз;

• пленканың пішінін дұрыстағаннан кейін түймелер мен динамикаға арналған тесіктер жасауды ұмытпаңыз.


4-қадам. Экранды тазалаңыз

Антистатиктерді немесе спиртті сұйықтықты пайдаланып, телефон экранын тазалаңыз. Тазалағаннан кейін экранға саусақтарды және киімді тигізбеңіз.


5-қадам. Пленканы жабыстыру

Әрбір қорғаныс пленкасы үш қабаттан тұрады. Астыңғы қабат пленканы экранға жабыстыру үшін, екіншісі – пленка түсін жылтыр, ашық ету үшін алынады.

Жабыстыру үшін:

• пленканы төменнен бастап телефон экранымен үйлесімді етіп қойыңыз;

• майысуын және түймелер мен тесіктерге сәйкес келетінін тексеріңіз;

• терең дем алып, қолыңыздың дірілдемеуін қадағалаңыз және астыңғы қабатты қорғаныс пленкасынан ажыратыңыз. Осы сәттен бастап ортаңғы қабатты қолмен ұстамаңыз!

• пленканы шетінен бастап пластикалық картаның қырымен мұқият жабыстыруды бастаңыз;

• біртіндеп пленканы толық орналастырыңыз. Пайда болатын ауаны ортасынан шетіне қарай картамен шығарып тастаңыз;

• аяқтаған соңпленканың үшінші қабатын алып тастаңыз.


6-қадам. Қалған шаң-тозаңды жойыңыз

Егер экранға шаң түссе, оларды скотчпен алып тастауға болады:

• скотчтан екі лента кесіңіз;

• лентаның біреуімен қорғаныс пленкасын көтеріп, екіншісімен шаңды алып тастаңыз;

• пленканы орнына қойып, пластикалық картамен қайта туралау керек.


Осылайша арнайы мамандары әжептеуір ақша алатын"операцияны" өзіңіз-ақ істейсіз! Бұл кеңес арқылы ақшаны үнемдейсіз, әрі телефоныңыздың экранын қауіпсіздікпен қамтамасыз етесіз!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ