Биылғы оқу жылында 125 мың оқушы республикалық ауыл оқушылары олимпиадасына тіркелді, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілк кезеңіне 323 мың оқушы қатысты.
ERNUR.KZ. Биылғы оқу жылында оқушылар арасында республика бойынша әртүрлі деңгейдегі 80-нен астам зияткерлік іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Оларға еліміздің барлық өңірінен 1,5 миллионнан астам мектеп оқушыcы қатысуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Аталған іс-шаралар дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оқушылардың білім мен ғылымға, мәдениет пен зерттеулерге және инновацияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Биылғы оқу жылында 125 мың оқушы республикалық ауыл оқушылары олимпиадасына тіркелді, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілк кезеңіне 323 мың оқушы қатысты. 60 мыңнан астам оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсында өз жұмыстарын ұсынды. Биыл алғаш рет қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша олимпиада өткізілуде, оның алғашқы кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 35 мыңнан астам оқушы қатысты.
Сонымен қатар, осы аптада өңірлерде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны мен философия және сыни ойлау бойынша республикалық олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдері өтуде. Сонымен қатар оқушылар республикалық «Ақберен» шығармашылық байқауының кезеңіне және математика мен информатикадан KHIMIO-2025 халықаралық олимпиадасына қатысады.
Олимпиадалар мен конкурстар оқу жылы бойы жалғасады. Республикалық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанның намысын халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарда қорғайды.


