Бұл төсек тек ұйқыңызды қандырып қана қоймай, ұйықтап жатқан адамның жалпы жағдайына да мән беріп отырады. Тіпті, қандай жағдайда да ұйқыңыздың қанып тұруына кепілдік береді.
фото: theroco.com
Кешке үйге шаршап жеткенде ең бірінші аңсайтының - жұп-жұмсақ жайлы төсегің. Түнгі ұйқың дұрыс болмаса, ертеңгі күнгі көңіл-күйің де жақсы болмайды. Ол жақсы болмаған соң шаруаңның да берекесі қашады. Сондықтан төсегің жайлы болуы керек. Кеткен күш-қуатыңды толық қайтарып, қайта "зарядталып" алу үшін Sleep Number 360 төсегі таптырмайды.
Бұл төсек тек ұйқыңызды қандырып қана қоймай, ұйықтап жатқан адамның жалпы жағдайына да мән беріп отырады. Тіпті, қандай жағдайда да ұйқыңыздың қанып тұруына кепілдік береді.
Ақылды төсекті ойлап шығарған Select Comfort компаниясы. Олардың төсек жабдығын жасаумен айналысып келе жатқанына 30 жылдай шамасы болған. Ал «ақылды» төсекті шығаруды 2012 жылдан бері бастаған көрінеді.
Ал енді оның «ақылдылығы» қай жерінде, соған тоқталайық.
Біріншіден, Sleep Number 360 төсегі автоматты түрде иесіне қарай бейімделеді. Тіпті, ол екі адамдық болса, екеуіне де ыңғайланады. Яғни, ұйықтап жатқан адамның жатысына қарай жұмсақтық немесе қаттылық қажет екендігін өзі таңдайды. Ол матрас арасында орналасқан өздігінен реттейтін ауа қабаты механизмінің көмегімен іске асады.
Қорылдауға жол бермейді
Екіншіден, өздігінен реттейтін механизм ұйқыға жатар алдында кітап оқуға немесе теледидар қарауға ыңғайлы қалыпты да таңдайды. Одан бөлек, қожайыны қатты ұйқыға кеткенде қорылдай бастаса, автоматты түрде оның кеудесін 7 градусқа көтеріп ыңғайлайтын қадағасы (датчик) бар. Бірақ бұл ыңғайсыз жатып қалып жеңіл ғана қорылдайтындарға ғана арналған.
Аяғыңызды жылытып береді
Үшіншіден, төсектің аяқ жағында, яғни, аяқ орналасатын тұсында жылытатын құрылғысы бар. Аяғы жылы болған адамға ұйықтап кету оңай. Төсек иесінің аяғынын жылытып қана қоймай, түнде де жылы ұстауын қамтамасыз етеді.
Арнайы мобилдік қосымшасы бар
Жоғарыда айтылғандардан бөлек кереует үшін арнайы мобилдік қосымша шығарылған. Ол Sleep Number 360 кереуетіне Bluetooth арқылы қосылады. Қосымша арқылы қожайын өзінің ұйқы кезіндегі жағдайын, жүрек соғысының қалай болғаны және тыныс алу жиілігін де біле алады. Сонымен қатар, кереуетте оятқыш та бар, ол иесін жеңіл әрі жағымды күймен оятады.
Кереуетті күнделікті ұқыға жатар уақыт пен таңертең оянатын сағатқа баптап қоюға болады.
Мұндай жанға жайлы төсектің бағасы шамамен 5-6 мың АҚШ доллары.
Дайындаған – Ә.Уалиханқызы,
ERNUR.KZ
дереккөз: theroco.com