Осы гаджеттерсіз уақытыңыз ҚЫЗЫҚСЫЗ өтуі әбден мүмкін

0
5 220

Ұзақ сапар шегетін мезгіл жақындап келеді.


Осы гаджеттерсіз уақытыңыз ҚЫЗЫҚСЫЗ өтуі әбден мүмкін

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адам жаз мезгілінде демалысқа шығатындықтан саяхат жайын жоспарлап, алыс сапарларға дайындалып, қалтасын қамдап жатқан болар. Әлбетте, мүмкіндік болса бұл демалысты көрікті орындарда немесе теңіз жағасында өткізгенге не жетсін?! Ал, Сіз демалысты біз айтқандай жағдайда өткізетін болсаңыз, жолға қажетті заттарды жинай беру қажет. Олардың арасында бірнеше заманауи технологияның, нақтырақ айтсақ гаджеттердің болғаны дұрыс. Өйткені қазіргі құрылғылар таптырмас жолсерік бола алады. Сол себепті сіздер үшін саяхатқа ең қажетті деген гаджеттердің тізімін жасадық. Олар сізге қажет кезде көмектесіп қана қоймай, демалысты естен кетпестей етіп өткізетін мүмкіндік сыйлайды.

Саяхатшыларға арналған сөмкелер

"Демалыс" деген сөзді естігенде, бірінші кезекте сөмке еске түседі. Ал, оның жинақы, сыйымды және жеңіл, әрқашан бірге алып жүруге ыңғайлы, стильді, кір көтеретін, қалтасы көп болғаны маңызды. Және қазір осы критерийлерге толық жауап беретін, заман талабына сай сөмкелер баршылық. Саяхатқа шыққанда ол сөмкелерге ноутбук, смартфон, планшет, кітап, киім, ішкиім, көзілдірік, сүлгі және күннен қорғанатын барлық қажетті заттарды ыңғайлы етіп орналастыруға болады. Тіпті, ауарайы құбыла қалса киіп алатын сырткиіммен жабдықталғандары да бар. Ол аз десеңіз, сөмкелерді бірнеше шағын сөмкеге бөлуге болады және күннен энергия алып, құрылғыларды қуаттайтын батареялар да қарастырылған.


Қуатты камерасы бар смартфондар

Қазір біз қай жерге барсақ та естелік үшін фотоға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жүктейміз. Сондай-ақ, фотоның сапылы шығуына да аса мән беретініміз жасырын емес. Бүгінде ондай мүмкіндікке ие болу үшін фотоаппараттың да керегі шамалы. Өйткені, мінсіз фотоны смартфондармен де түсіре беруге болады. Ал, қандай смартфон таңдау қажеттігін ғаламтордағы пікірлерден оңай біле аласыз. Әрине, көш басында IPhone маркалы телефондар тұр. Бірақ, бір кемшілігі батареясының ұзаққа шыдаймайтындығы. Бұл мәселені шешу үшін камерасы да, батареясы да мықты смартфон немесе қосымша қуат ретінде арнайы батарея сатып алу қажет.


«Ақылды сағат»

Саяхатшы үшін «ақылды сағаттардың» қажеті жоқ сияқты. Бірақ оның пайдасы көп. Мысалы, олар жаңа орындармен танысу барысында қанша жол жүргеніңізді, денсаулығыңыздың күйін зерттеп, пайдалы мәліметтер беріп отырады. Атап айтсақ, жүректің соғу жиілігін, стресс деңгейін және ағзадағы оттегі деңгейі сияқты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сматрфоныңызды сөмкеге тастап, смарт сағатпен сөйлесе беруге болады. Одан бөлек, сіздің әр қимылыңызды қадағалап, жанған калория мөлшерін, ұйқыға қанша уақыт жұмсау керектігін есептей алады. Ал, ол ақпараттар смартфонға тіркеліп тұрады.


Пауэрбанк - кез келген қиын жағдайда құтқарады

Өзіңізде бар барлық құрылғылардың қуаты біткенде дәл осы гаджет көмекке келеді. Яғни қандай да бір іске қажетті құрылғыға жан бітіріп, керегіңізге жарайды. Егер, қалта көтерсе, мұндай батареяның сапалы әрі сыйымдылығы үлкенін алу қажет.


Экшн-камера – экстремалды демалыс әуесқойлары үшін

Белсенді және экстремалды демалысты ұнататындарға бұл гаджет ұнайтыны анық. Мәселен, бұл камера серфинг, суға сүңгу, парашютпен секіру және сырғанау сәттеріндегі адреналинді жағдайдың әр сәтін видеоға түсіруге көмектеседі. Бұл камера түрлі соққыларға төзімді болып келеді.


Адам көзқарасына бағынбайтын дрондар


Биіктей ұшқан құстардың көзімен түсірілген пейзаждар ұнайтын болса, Сізге осы гаджет керек болады. Ол құс секілді ұшып жүріп, қалаған көріністі камераға түсіре алады. Оған қоса, бұл құрылыны басқарудың өзі қызықты.


Сізде бұл құрылғылардың бірі бар болса, бірі болмауы мүмкін. Сондықтан, барлық жағынан қамтамасыз ету үшін біртіндеп сатып ала беріңіз. Әрине, өзіңізге керек деп тапсаңыз және қаржылық мүмкіндігіңіз болса.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


НАМАЗ оқуды смартфоннан да ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ


Бұл бағдарламалар Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде болуы керек