Біз оларды жұмыс, оқу, байланыс және ойын-сауық үшін пайдаланамыз.
Смартфондар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз оларды жұмыс, оқу, байланыс және ойын-сауық үшін пайдаланамыз. Бірақ, телефондар судан, ылғалдан немесе шаңнан зардап шегуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін су өткізбейтін қаптама кигізу - ең тиімді шешімдердің бірі.
Мұндай қаптама смартфонды ылғал, шаң және құмнан толық қорғауға тиіс. Бұл міндетті қаптама сапалы болса және дұрыс таңдалса ғана мінсіз атқарады.
Түрлері
1. Әмбебап қаптама
Бұл чехолдар кез келген телефон моделі үшін жарамды. Олар көбіне су өткізбейтін қапшық түрінде жасалады және арнайы бекіткіштері болады.
Артықшылығы: бір чехолды бірнеше телефонға қолдануға болады.
2. Смартфон моделіне қарай арнаулы қаптама
Белгілі бір брендтің немесе телефон моделінің өлшемдеріне сәйкес жасалады.
Артықшылығы: тығыз орналасып, барлық функцияларды қолдануға мүмкіндік береді.
3. Сүңгуірлерге арналған қаптамалар
Су астында пайдалануға арналған. Мұндай чехолдар судың жоғары қысымына төзімді және 10-20 метр тереңдікке дейін қолдана аласыз.
Артықшылығы: суға терең сүңгу кезінде фото мен видео түсіруге мүмкіндік береді.
Су өткізбейтін қаптама кемшіліктері
Қаптаманың сапасы төмен болса, толықтай су өткізбейтін қорғаныс қамтамасыз етілмеуі мүмкін.
Кейбір чехолдар телефонды қолдануды қиындатады (мысалы, сенсорлы экран нашар жұмыс істейді).
Құны жоғары болуы мүмкін, әсіресе белгілі брендтерге арналған модельдер.
Таңдау кезінде назар аудару қажет факторлар
1. Сіздің құрылғыңыздың өлшеміне сай келуі.
2. IP рейтингінің жоғары болуы. Қаптаманың судан қорғану деңгейін көрсететін стандарт.
3. Белгілі брендтерді таңдау және қолданушылардың пікірлерін оқу.
4. Камера мен экранды қолдану мүмкіндігінің болуы.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,