Жазғы демалысты естен кетпестей ететін ЖАП-ЖАҢА гаджеттер

0
3 101

Бұл құрылғыларды қолданудың өзі ерекше әсер береді.


Жазғы демалысты естен кетпестей ететін ЖАП-ЖАҢА гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адам жазғы демалысын ашық ауада, табиғат аясында және су айдындарының маңында өткізеді. Сондықтан оларға өнертапқыштар жасап шығарған құрылғылардың пайдасы тиюі әбден мүмкін. Бүгінгі біздің оқырман назарына ұсынып отырған гаджеттерімізді көпшілік біле бермеуі мүмкін, бірақ олардың сізге және сіздің отбасыңызға сыйлайтын оң әсері өте мол.


Super Kayak деген атаумен танылып жатқан мына қайық су айдынынан ерекше әсер қалдырады

Су айдынында жеңіл әрі жылдам жүре алатын Super Kayak толқын соққыларына қарсы тұра алатын берік бампермен, қозғалу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қос қалқымамен жабдықталған. Сонымен қатар, оның орындығын өзіңізге қолайлы етіп реттей аласыз. Оған қоса, жаныңызға тағы бір адам мен бала отырғызуға мүмкіндік бар. Яғни отбасылық демалыс үшін де тиімді құрылғы болатыны анық.



Flyteboard email Series 2 сияқты су тақтайшасы бұрын-соңды болмаған!

Себебі, Flyteboard email Series 2 электрлік су тақтайшасы пайдалану кезінде адам бойының ұзындығын, серфинг стилін, толқын биіктігін және басқа да факторларды автоматты түрде ескереді. Сонымен қатар, ол жиі техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және коррозияға төзімді етіп әзірленген. Оның үстіне, көптеген тұтынушылар тақтайшаның жаңадан үйренушілерге де қолайлы екенін айтады.



Geneinno T1 – суасты дроны

Қазір көптеген керемет кадрлар осы бір дрон деген құрылғының көмегімен әуеден түсіріледі. Енді оның су астын түсіре беретін түрлері де пайда болуда. Соның ішіндегі көпшіліктің көңілінен шыққаны – Geneinno T1 деп аталатын суасты құрылғысы екен. Бұл гаджет жоғары сапалы бейне түсіруге арналған 1080P HD ажыратымдылығы бар камерамен жабдықталған. Сонымен қатар, ол 150 метр тереңдікке дейін түсіре алады және толық қуаты 4 сағатқа жетеді.



Енді сіз Geneinno S1 атты скутердің көмегімен балық сияқты сүңги аласыз. Ол сізді сағатына 2-3 шақырым жылдамдықпен сүйрей алады.

Geneinno S1 – су астына арналған скутер. Құрылғы сізді су айдынында 1 сағатқа жуық жетектеп жүруге қауһарлы. Яғни толық қуатталған батареясының күшін осынша уақытқа шыдайды. Сонымен қатар, скутерге өзіңіздің камераңызды орнатып, көптеген естеліктер түсіре аласыз. Тағы бір ерекшелігі – скутер қолыңыздан шығып кетсе, қорқудың қажеті болмайды. Ол судың бетіне қалқып шығады.



Frescobol ағаш ракеткалары жағажайда достарыңызбен көңіл көтеруге қолайлы

Frescobol Wooden Paddle Ball жиынтығы жаттығу жасауға әрі достарыңызбен көңіл көтеруге көмектеседі. Сондықтан бір доп және екі ракеткадан тұратын бұл гаджет қазір жағажайға арналған жазғы гаджеттердің ең танымалы болып саналады. Оның неше түрлі ағаштан құрастырылғаны және дизайнының өзі ерекше.



Varonis Vespera телескобы – сізді жұлдыздармен байланыстырады

«Ақылды» және толықтай автоматтандырылған Varonis Vespera телескобы ғаламшар ғажайыптарымен бөліседі. Веспераның көмегімен сіз түнгі аспанды көріп қана қоймай, өз кадрларыңызды түсіріп, оны естелікке ала аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Спортпен айналысуда КЕРЕК БОЛАТЫН ЕҢ ҮЗДІК гаджеттер


Бұл гаджеттер денсаулық пен өмірге ӨТЕ ҚАУІПТІ