1-курс студенттерінің үстіне су құйған: Семейде әкімшілік іс қозғалды

0
1 497

Қатты шыққан дауыстар жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының мазасын қашырып, олар полицияға шағым түсірді.


1-курс студенттерінің үстіне су құйған: Семейде әкімшілік іс қозғалды

ERNUR.KZ. Семей қаласында 1-курс студенттерін қабылдау кешін дүркіретіп өткізіп, халықтың мазасын қашырған 20 жастағы жігітке айыппұл салынды, деп жазады inform.kz.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түнгі уақытта Семейдегі студенттерге арналған жатақхананың жанында жастар 1-курс студенттерін қабылдау кешін ұйымдастырған.

Қатты шыққан дауыстар жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының мазасын қашырып, олар полицияға шағым түсірді.

«Тәртіп сақшылары 20 жастағы ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабы 1-бөлігіне (жеке тұлғалардың демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шуылмен сағат 22.00-ден 9.00-ға дейінгі тыныштықты бұзғаны үшін) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Осы бап бойынша жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады», – делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көрінгендей, жатақханаға алдында жиналған жастар бір-бірінің үстіне су шашып жатыр.

Жалпы жыл басынан өңір полицейлері түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 1500-ге жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.