1 қыркүйектен бастап әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады

0
609

Жастарға бірқатар талап қойылады.


1 қыркүйектен бастап әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады

ERNUR.KZ. Мерзімді әскери қызметке шақырушылар арасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне сарбаздарды іріктеу басталады. Биыл 1 қыркүйектен 5 қазанына дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді өздері іріктейді, деп жазады inbusiness.kz.

Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар әскерге шақырылушыларға басымдық беріледі.

ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы әскери бөлімдерде өтейді. Олар ҚР Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салтанатты және хаттамалық іс-шараларға қатысу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын қорғау сияқты ерекше міндеттерді атқарады.

ҚР МКҚ-де әскери борышын өтеген жауынгерлердің кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң өз қалауымен келісімшарт бойынша қызметін жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері атанып, күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқара алады.