1 қыркүйектен бастап мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

0
1 269

Еділ Оспан атап өткендей, бүгінгі форум осындай бастаманың өзегі болып отыр.


1 қыркүйектен бастап мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан «Өзіңді тап – өзегіңе орал» атты дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумында айтты, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі форумның тақырыбы маңызды. Ең алдымен халқымыз, мемлекетіміз үшін өзекті мәселені шешуге арналған. Мемлекеттің басты байлығы – бала. Бала – бауыр етіміз, келешегіміз. Сол себепті бала тәрбиесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Ұрпақ тәрбиесі - адамзат қоғамының, мемлекет дамуының негізгі алғышарты. Бұл сөзді қайталып айтып, санамызға сіңіре беруіміз керек. Олай болса әрбір ата-ана, мектеп, педагог, қоғам болып «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», осы жағдайды түзетуге күш салуымыз қажет, - деп айтты вице-министр форумда.

Еділ Оспан атап өткендей, бүгінгі форум осындай бастаманың өзегі болып отыр.

Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Мемлекет бала тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз балаларымызды біліммен ғана емес, олардың адами құндылықтарға негізделген берік ділін, заманауи дүниетанымын келешек елдің мүддесіне адал қызмет ететіндей азаматтық мінезін қалыптасуға атсалысуымыз керек, - деп түсіндірді Оқу-ағарту вице-министрі.

Ведомство қазіргі күні басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп біртұтас тәрбие бағдарламасын әзірлеген. Бұл жұмыстар аясында құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру саясатын іске асыру мақсат етіліп отыр.

1 қыркүйектен бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы оқу-тәрбие процесіне енгізіледі. Бағдарламаның аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасады, - деп айтты Еділ Оспан форумда.

Іс-шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастырды.