1 маусымнан бастап электр қуатының бағасы қымбаттайды

0
530

Станциялардың көтерілген тарифі кейінірек энергия жабдықтаушы мекемелердің жұмысына әсер етеді.


1 маусымнан бастап электр қуатының бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Мекемелердің былтыр және биыл берген өтінімдері бойынша көптеген сұрақ бар. Мысалы, жалақы мәселесі, көмір мен газдың қымбаттауы. Бұл - уақыттың талабы. Тарифтерді бекітіп, жоғарылатылған тарифпен бекітіп отырмыз. 1 маусымнан бастап орта есеппен 24%-ға өседі", - деп жауап берді Жандос Нұрмағанбетов.

Айтуынша, станциялардың көтерілген тарифі кейінірек энергия жабдықтаушы мекемелердің жұмысына әсер етеді. Бірақ қай өңірде қанша теңгеге қымбаттайтыны кейінірек анықталады.