1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады - фейк

0
562

1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады.


1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады - фейк

ERNUR.KZ. Алайда бұл дерек шындыққа жаспайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл өтірік. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі. Бұл ретте жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс. Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.