Бұған дейін Алматыдағы жекеменшік мектепте бірінші сынып оқушысының зорланғаны белгілі болған.
ERNUR.KZ. Алматыдағы жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысын зорлаған. Зардап шеккен баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.
"Ол ішкиімін теріс киіп алған. Шешіп көргенімде нәжіспен бірге ақ түсті бөліну байқадым", - деді 1-сынып оқушысының анасы Аlmaty.tv арнасына.
Көз жасын әрең ұстаған әйел ұлының жағдайын егжей-тегжейлі сипаттады. Оның айтуынша, бала агрессивті және эмоционалды болған. Оқиғаның өзі қыркүйек айының ортасында болған деген болжам бар. Содан бала жыртық шалбармен мектептен шыққан.
"Заттарды сараптамаға тапсырдым. Болған оқиғадан кейін ол түнде айқайлап, қараңғыдан қорқатын болды. Баланың назарды өзіне аударғысы келіп, шу шығарып, айқайлағанда қорқынышты бірдеңе болып жатыр деп ойламаппын", - деді ол.
Ал жекеменшік мектеп әкімшілігі шулы мәлімдемеден кейін барлық бейнебақылау камерасы тексерілгенін, бірақ күдікті ештеңе байқамағанын айтқан. Олар тергеу органдарына барлық қажет жазбаларды ұсынғанын айтып отыр. Қазір білім ошағында 400-ден астам бала білім алып жатыр, олар бір жыл білім алу үшін 2,5 миллион теңге төлейді. Сондықтан бұл жерде қауіпсіздік бірінші орында, деп сендірді мектеп директоры.
"Мектебімізде балаларды қадағалап жүреміз. Олар бір секунд та көрінбей қалатын жерде болған жоқ. Бір секунд та болмады. Мен дәліздегі камерадан баланың мінез-құлқын көрдім. Ол - кәдімгідей өсіп, жүгіріп, секіріп жүретін қарапайым бала" , - деді халықаралық мектеп директоры Ирина Логинова.
Істі мемлекеттік органдардан бөлек құқық қорғаушылар да бақылауға алды. Дина Смаилова 1-сынып оқушысының анасы көмек сұрап жүгінгенін хабарлады. Оның айтуынша, баланың зорлық көргенін растайтын фотолар бар.
"13 қыркүйекте баланың анасы шағымданды. Содан бері біз еріп жүрміз. Баланың жарақат алғанын білеміз, онымен психолог жұмыс істейді. Бала ауыр жарақат алған. Оған мұндай жарақатты біреу жасады ғой?" - деді құқық қорғаушы Дина Смаилова.
Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырғанын айтты.
"Біз зардап шеккен баланың анасымен, сонымен қатар халықаралық мектеп басшылығымен байланыстамыз. Отбасына көмек көрсетілді", - деді Динара Зәкиева.
Жағдайды Балаларды қорғау комитеті де қадағалап отыр. Олар сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты. Ал полиция "жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша іс қозғады.
Бұған дейін Алматыдағы жекеменшік мектепте бірінші сынып оқушысының зорланғаны белгілі болған. Бұл туралы анасы мәлімдеді.