100 млрд теңгеге 9 мың пәтер салуға болады

0
2 413

​«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев кепілсіз құрылыс салушыларды қолдау бастамасын көтерді.


100 млрд теңгеге 9 мың пәтер салуға болады

ERNUR.KZ. Ол құрылыс компаниялары қымбат қорландырудан жапа шегіп отырғанын мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.

«Қазір тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі – құрылыс компаниялары үшін «қымбат» қорландыру. Еркін кепілдіктің жоқтығынан банктерден коммерциялық кредит ала алмайтын құрылыс салушылар үшін жобалық қаржыландыру тетігі пысықталуда. Осы мақсат үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 100 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл тіркелген бағамен қосымша 9 мың пәтер салуға мүмкіндік береді», – деді Әнуар Омарқожаев.