1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылады.
"Халық" қайырымдылық қоры 1000 атыраулыққа дәрілік-азық-түлік жиынтығын таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылуда", - дейді ұйымдастырушылар.
Жалпы салмағы 60 кг асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.