Қазақстанда 65 жастан асқан қарт адамдардың саны 6,6% процентке жетті
ERNUR.KZ. Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығымен кездесуде Қазақстан халқының қартайып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Sputnik.
БҰҰ жіктемесіне сәйкес, егер 65 жастан асқан азаматтар саны 7 процентке жетсе, мұндай қоғам қартайып жатқан болып саналады.
"Қазақстанда бұл санатқа кіретін қарт адамдардың үлесі 6,6%-ке жетті. Ал 2020 жылдың соңына қарай 7 проценттен асып, 7,4 процентке дейін жетуі мүмкін. Демек, бірнеше жылдан кейін біздің еліміз қартайю процесі жүріп жатқан мемлекеттердің тізімін толықтыруы мүмкін", — деді сенатор.