2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды

0
78

Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді.


2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Осы тапсырма аясында 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді. Бақылау мақсатында Жерді қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссия және облыстық ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.

Жыл ішінде республикалық комиссияның 3 және облыстық жұмыс топтарының 42 отырысы өтіп, тексеру нәтижелері мен алдағы шаралар талқыланды.

Тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыды: 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілді, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.

Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді: оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы жер ресурстарымен жұмыс істеудің тиімділігін, жерді ұтымды пайдалану үшін жағдай жасалғанын және Қазақстан ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына серпін берілгенін көрсетеді.