2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда

0
97

Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында Көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітіледі.


2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда

2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылданады. Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында Көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітіледі. Бұл климаттың өзгеруімен күресу мен топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.

«2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғасады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Ағымдағы жылы жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылады», – деп хабарлады Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.