"20 метр биіктікте қалып қойды": Баянауылдағы тау-шаңғы курортында аспалы жол тоқтап қалды

0
663

6 адам әуеде қалып қойған.


ERNUR.KZ. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне Баянауыл ауданы, Қаражар ауылы маңындағы «Мырзашоқы» тау-шаңғы курортында («Гамма» ЖШС қарасты) арқан жүретін дөңгелектің бұзылуына байланысты аспалы жол тоқтап қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Нәтижесінде 6 адамның әуеде қалып қойғаны жөнінде хабарлама түскен.

«Гамма» ЖШС күштерімен сағат 17:39-да шамамен 5 метр биіктіктен 4 адам және 18:20-да 20 метр биіктіктен 2 адам құтқарылды. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды",- деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖ департаменті.