20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн болып жарияланды

0
1 997

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.


20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн болып жарияланды

ERNUR.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті.

«Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі. Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады», - деді ол.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.