"2018 жылы түрмеге түстім": "Мұнарлан" тобы орындаған "Аппақ қар" әнінің авторы базарда жүк тасушы болып жүр

0
287

Сазгердің сөзінше, талай жүректің төрінен орын алған туынды баянсыз махаббаттан туған екен.


Фото: Бағдарламадан скриншот

ERNUR.KZ. 2010 жылы “Мұнарлан” тобының орындауындағы “Аппақ қар” әнінің авторы Байділдә Әбділдаев қара жұмыс істеп жүр, деп жазады stan.kz.

Сазгер Алматыдағы “Алтын орда” базарында жүк тасушы болып еңбек ететінін “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтып берді.

“Өнерде тиын табу кішкене қиынырақ. Бала-шаға асырау керек. Жұмысқа алып кетеді. Бағасына келісесің. Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың. Ресейде екі әні хит болса, сарай соқтырып алады екен. Гонорар көп төленеді. Ал бізде жағдай осы. Үкімет ән авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе жақсы болатын еді. Сонда бәрі өнерде жүретін еді. 25 жасымнан намаз оқып кеттім. Сол кезде бұл әндер хит бола бастады. 2018 жылы түрмеге түстім. Бір жыл түрмеде отырып, екі жыл бақылауда болдым. Ол жақта да әндер жаздым. 30 шақты әнім бар. Негізі жарыққа шығып, танымал болғаны – “Аппақ қар” әні. Түрмені түзеу мекемесі дейді ғой, меніңше, түрме адамды бұзады. Сол жақта денсаулық та, мінез де бұзылды. Бұзық достарым да көбейді. Бұлай жүргенім жарамас деп, шығармашылықты қайта қолға алып жатырмын", – деді сазгер.

Сазгердің сөзінше, талай жүректің төрінен орын алған туынды баянсыз махаббаттан туған екен.

“Бала кезде бір қызға ғашық болғанмын. 1977 жылғы қыз еді. Бала махаббат болды. Анам бастапқыда қарсы болған. Әскерден келген соң анам үйленуге рұқсат берді, бірақ айырылыстық. Қазір әйелім маған жазбадың деп ренжиді. Өзімнен 9 жас кіші ауылдың қызына үйленгенмін. Үш қызым, бір ұлым бар", –дейді хит әннің авторы.