Мамандардың айтуынша, биыл 420 мыңдай оқушы 1-ші сынып табалдырығын аттауы тиіс.
ERNUR.KZ. Келер оқу жылында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады. Құжаттарды қабылдау тамызға дейін жалғасады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримованың айтуынша, бұл тәжірибе елімізде екі жылдан бері қолданылып келеді.
«Жалпы орта білім мектептерінің 1-сыныбына қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл ата-аналар үшін ерекше жағдай. Алдын ала мектепті белгілеп, egov.kz арқылы өз өтініштерін тапсыра алады. Біздің жүргізген анализімізге сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берген. Айта кетейін, мектепке қабылдау туралы өтінішпен қоса, баланың туу туралы куәлігі, екі фотосы және екі (026 және 063) медициналық анықтама керек»,- дейді Г. Каримова.
Оның айтуынша биыл 420 мыңдай оқушы 1-ші сынып табалдырығын аттауы тиіс.