2023 жылы 71 895 рейс орындалды.
ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитетінің өкілдері 2023 жылдың қорытындысы бойынша ұшулардың тұрақтылығы мен көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы мәлімдеді, деп жазады tengritravel.kz.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы 71 895 рейс орындалды, оның ішінде 16 666 рейс кешігумен орындалды, рейстердің уақытылы орындалу пайызы 77-ге тең болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарған болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74 пайыз болған.
"Кідірістің негізгі себептері - әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және тағы басқа себептер", - деді ААК өкілдері.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.