22 шілдеде телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

0
142

Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.


22 шілдеде телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады. Бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты, деп жазады inform.kz.

— Осыған байланысты 22 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:00–ден 17:00–ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады. Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, — делінген хабарламада.