3 ақпаннан бастап ҚазМұнайГаз акциялары KASE тізіміне енеді

0
468

Акцияларды тізімге енгізу туралы шешім осы акцияларды ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін объективті фактілерге байланысты комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды.


3 ақпаннан бастап ҚазМұнайГаз акциялары KASE тізіміне енеді

ERNUR.KZ. Қазақстан қор биржасы Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 10 қаңтарындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

“Аталған шешімге сәйкес, қазірдің өзінде тізімдегі акциялардан басқа 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап оған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы"АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары кіретін болады”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, акцияларды тізімге енгізу туралы шешім осы акцияларды ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін объективті фактілерге байланысты комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды. Мұндай факторларға сауда-саттықтың ағымдағы көлемі, сауда-саттыққа тартылған дербес шоттардың саны, сондай-ақ осы бағалы қағаздарға жазылу нәтижелері жатады.

Осылайша, тізім 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап келесі акциялардан тұратын болады:

------------------------------------------------------------------------

Код ---- --------- ------

# р/с акциялар ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*

----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------

1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,3

2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330 15,0

банкі" АҚ

3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 0,8456748 15,0

4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 10,0 1,0000000 6,4

5 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 3,0 0,5896013 15,0

6 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 23,7 0,0665349 15,0

7 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,1133310 15,0

ҰАК" АҚ

8 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 16,3 1,0000000 7,2

9 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 4,2

------------------------------------------------------------------------