Юлия Хан Қостанай полиция бөліміне әкесі Александр Хан 1995 жылы Қазақстаннан шетелге кетіп, хабарсыз жоғалғанын мәлімдеді.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Қостанайда полицейлер жергілікті тұрғынға 30 жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін табуға көмектесті, деп жазады stan.kz.
Юлия Хан Қостанай полиция бөліміне әкесі Александр Хан 1995 жылы Қазақстаннан шетелге кетіп, хабарсыз жоғалғанын мәлімдеді.
Көші-қон қызметі қызметкерлерінің арқасында ер адамның қайда екені анықталды. Бірде ол Францияға кетіп, сонда жұмыс істеді, бірақ түрлі себеппен туыстарымен байланысқа шықпаған.
Осылайша бұл оқиға Хан әулеті үшін нағыз сый болды және үміт отын өшірмеу, жақсылыққа сену қаншалықты маңызды екенін көрсетті.