385 млрд теңгелік жобаны жүзеге асырып жатқан қытайлық компания басшысына виза берілді

0
127

Инвестордың визасы екі рет қабылданбағаннан кейін прокуратура мәселені шешуге ықпал етті.


385 млрд теңгелік жобаны жүзеге асырып жатқан қытайлық компания басшысына виза берілді

Фото: 5region.kz

ERNUR.KZ. Қытайдың Dalian Hesheng Holdings компаниясы Ақмола облысында "Азия Алтын Дан" ЖШС-мен бірлесіп, құны 385 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында шамамен 800 жұмыс орнын құру жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда компанияның бас директоры Қазақстанда жұмыс істеуге қажетті инвесторлық визаны рәсімдей алмаған. Оның өтініші екі рет қабылданбаған.

Осыдан кейін инвестор Ақмола облысының прокуратурасына жүгінген. Прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені шешуге ықпал етті.

Нәтижесінде Dalian Hesheng Holdings басшысына инвесторлық виза рәсімделді. Енді ол Қазақстанда болып, зауыт құрылысы мен инвестициялық жобаның іске асырылуын тікелей бақылай алады.