4 пайыздық автонесие бағдарламасы: Биыл 20 млрд теңге бөлінеді

0
2 504

Несиенің тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5% - дан аспауы тиіс.


4 пайыздық автонесие бағдарламасы: Биыл 20 млрд теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Қазақстан Даму банкі автонесиелендіру бағдарламасы шеңберінде биыл 20 млрд теңгеге дейінгі сомада қаражат бөлу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Автонесиелендіру бағдарламасына сәйкес биыл 20 млрд теңгеге дейінгі сомада қаражат бөлу күтілуде. Қаражатты бөлу күні анықталмаған.

Автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылдан бастап келесі екінші деңгейлі 7 банк қатысады. Олар:

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

- «Сбербанк» АҚ ЕБ;

- «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ;

- «Еуразиялық Банк» АҚ;

- «АТФ Банк» АҚ;

- «Банк Центр Кредит» АҚ;

- «Форте Банк» АҚ.

Банк келтірген мәліметке сәйкес, автонесиелеу бағдарламасы аясында 2021 жылдың 1 ақпанына 26 958 автокөлік сатылған.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша автокөлік сатып алуға қойылатын негізгі талаптар:

- автокөлік Қазақстанда шығарылуы тиіс;

- автомобильдің құны - 15 млн. теңгеден аспайды;

- қарыз мерзімі - 84 айдан аспауы тиіс;

- номиналды пайыздық мөлшерлеме -жылдық 4% ;

тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5% - дан аспауы тиіс.