2-3 пайызбен тұрғын үй қарызын бере алатын механизм ойлап табуды тапсырды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті көпбалалы отбасыларға жалдамалы баспана салуды тапсырды, деп жазады тengrinews.kz.
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету және білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы жұмысты жетілдіру қажет. Үкіметке "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 40 мыңнан аса жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Осы тапсырманы орындау мақсатында алдағы жеті жылға жыл сайын 50 миллиард теңге бөлініп отырады. Сондай-ақ, көпбалалы және толық емес отбасыларға, табысы төмен бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана қолжетімділігін арттыру қажет. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жүйесі арқылы 2-3 пайызбен тұрғын үй қарызын бере алатын механизм ойлап табуды тапсырамын. Бірақ бұл үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша керек, сондықтан ол банкке жыл сайын 50 миллион теңге бөліп отыруды тапсырамын", - деді Президент "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында тұрмыс сапасын арттыру қажеттігін айтып өткен болатын. "Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты" делінген еді Жолдауда.