Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологияларә акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram бот әзірледі.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп жазады sputniknews.kz.
Министрлік пен "Ұлттық ақпараттық технологияларә акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты.
Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өту керек.
Бот арқылы өтінім беру
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;
- Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
- Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
- Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
- Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
- Өз өтінішіңізді растау.
Бұдан кейін сізге келесі мынадай хабарламалар келеді:
- сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
- "Қызметкер" батырмасын басу;
- Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
- Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
- Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
- Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
- Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
- Өз өтінішіңізді растау.
Бұдан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдарға келгендей хабарламалар түседі. Өтінімді қарау және әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.