42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады

0
1 258

Декретте отырған аналар сәбиі бір жасқа толғанға дейін мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді.


42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте жүрген аналардың баласы бір жасқа толмаған болса, 42 500 теңгеге өтініш бере алмайтынын мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Декретте отырған аналар сәбиі бір жасқа толғанға дейін мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сондықтан бала бір жасқа толғанға дейін олар 42 500 теңгеге үміттене алмайды. Ал енді бір жастан асса, бұл жерде өз жағдайына байланысты. Егер жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберілсе, әрине, жәрдемақы ала алады", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Сонымен қатар, жеке кәсіппен айналысатын немесе бірыңғай жиынтық төлемін тұрақты төлеп жүрген, ал қазір жұмыссыз қалған аналар 42 500 теңгеге өтініш бере алады.