5 бала көз жұмған апат: Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

0
309

Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


5 бала көз жұмған апат: Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Самара — Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында болған жол апатынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамалды. Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалған, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.

Айта кетейік, 7 тамыз күні Самара — Шымкент тасжолында жол апаты болып, 5 бала, үш ересек адам көз жұмды.

Арасында әкесі мен екі баласы да бар.