​5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол апатына қатысты іс сотта қарала бастады

0
114

Көлік ішінде Ақтөбеден Маңғыстаудағы жарысқа бара жатқан балалар болды.


​5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол апатына қатысты іс сотта қарала бастады

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 бала мен 3 ересек адамның өліміне қатысты іс қаралып бастады. Жүк көлігінің жүргізушісіне айып тағылды, деп жазады inform.kz.

Самара-Шымкент тасжолындағы жол апатына қатысты іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қаралып жатыр. Жолда алдындағы көліктерді басып озу үшін қарсы бағытқа шыққан 37 жастағы Беларусь азаматы өз кінәсін толық мойындады.

Еске салсақ, Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолында Хромтау ауданының аумағында Toyota Ipsum минивэні және МАN маркалы жүк көлігі соқтығысты. Оқиға 7 тамыз күні сағат 10:00 шамасында болып, барлығы 8 адам қаза тапты.
Көлік ішінде Ақтөбеден Маңғыстаудағы жарысқа бара жатқан балалар болды. Олар Әйтеке би ауданы Қарашатау ауылынан шыққан. Кейін Ақтөбе қаласынан пойызға мінуді жоспарлаған. Артынша Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жарыстың ресми тізімде жоқ екенін мәлімдеді.