​5 млн теңге түратын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды

0
777

Күдіктілер қылмыс жасағаннан кейін бірден жасырынған


​5 млн теңге түратын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында пәтердің ішінен бес миллион теңгеге зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

26 тамыз күні сағат 19-да Талғар АІІБ-нің кезекші бөліміне Тұздыбастау ауылының 31 жастағы тұрғыны үй ұрлығы туралы арызданған. Сығылған терезе арқылы бес млн теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланды. Осы факті ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, полицейлер оқиға орнына шықты.

"Бірінші күмән көрші үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстан азаматтарына түсті. Бұл адамдар қылмыс жасағаннан кейін бірден жасырынған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы ломбардтардың бірінен ұрланған заттардың басым бөлігі табылды. Зергерлік бұйымдарды тапсырушылардың келбеті іздестіріліп жатқан гастербайтерлердің белгілерімен сәйкес келді", – деді Талғар АІІБ бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

Тәртіп сақшыларының суреттеулері бойынша іздестіру нәтижесінде Алматы қаласының Жасыл базар ауданында екі күдікті ұсталып, кейін мойындау айғақтары берілді.

Ұрланған зергерлік бұйымдардың көп бөлігі заңды иесіне қайтарылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарына қатысты іздеу жалғасуда.