"5 жылға соттайды": суицидті насихаттағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

0
536

Ал суицидке жеткізгендерге жаза күшейтіледі.


ERNUR.KZ. Қазақстанда суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Мәжіліс депутаттары арнайы заң жобасын қарастыруға кірісті, деп жазады sputnik.kz.

Заң жобасында кәмелетке толмаған баланы өзін-өзі өлтіруге жеткізгені үшін қылмыстық жазаны күшейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, баланы суицидке итермелеген адам 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазіргі кезде жазаның мерзімі 3-8 жылды құрайды.
Бұдан бөлек, депутаттар суицидты насихаттағаны үшін қылмыстық жазаны бекітуге мүдделі. Жаза қылмыстың ауырлығына қарай белгіленеді.
  • суицидті насихаттағаны үшін 738 400 мың теңге;
  • үгіт-насихат суицидке оқталуға себеп болса, 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • үгіт-насихат суицидке алып келсе, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.